Жаңалықтар

Қызылордада бүлдіршіндер Тұңғыш Презиндент күнін атап өтті

Қызылордада «Күнекей» балабақшасы Тұңғыш Презиндент күні мерекесін атап өтті. Бұл жайында Bnews.kz тілшісі хабарлайды. Қызылордада Тұңғыш Презиндент күніне орай «Күнекей» балабақшасында балғындардың қатысуымен іс-шара өтті. Шара барысында балаларға Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» кинофильмі қысқартылған түрінде көрсетілді. Елбасының дүниеге келуінен бастап, балғын балалық шағы, қиындықтарға мойымай, адал еңбегімен асқақ арманына ұмтылғаны жас кезі жайлы бөбектерге баян етілді.  Олар өз кезегінде «Нұрсұлтан ата!» деп тақпақ айтып, шын жүректен жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді. Солардың бірі - бес жасар Зухра Елбасына: «Нұрсұлтан ата, сізді шын жүректен мерекеңізбен құттықтаймын! Сіздің балалық шағыңыз қиыншылықпен өткенін біз білеміз, бірақ бізге осындай күн шуақты балғын кезді сыйлағаныңызға көп рахмет!» деп хат жазыпты. Оны мерекелік кеште өзі көрермен алдында оқып беріп, пошта қызметкеріне табыстады. «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бойынша бір жыл бұрын «Күнекей» балабақшасын ашқан болатынбыз. Қазіргі сәтте балалар мұнда қабылданып, тәлім-тәрбие алуда. Жалпы, қала бойынша балалардың 71%-ы балабақшамен қамтылған. 2014 жылға дейін тағы 10 балабақша салу жоспарлануда. Беріліп жатқан тәлім өзгеше, елін, жерін сүюге баулу, балалардың патриоттық сезімін ояту – әрбір ұстаздың көкейіндегі мәселе», - деді шараға қатысқан қалалық білім бөлімінің бастығы Марат Аралбаев. Шараның соңы Атамекен әнін орындаумен корытындыланды.
28.11.2012 07:53 3200

Қызылордада «Күнекей» балабақшасы Тұңғыш Презиндент күні мерекесін атап өтті. Бұл жайында Bnews.kz тілшісі хабарлайды. Қызылордада Тұңғыш Презиндент күніне орай «Күнекей» балабақшасында балғындардың қатысуымен іс-шара өтті. Шара барысында балаларға Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» кинофильмі қысқартылған түрінде көрсетілді. Елбасының дүниеге келуінен бастап, балғын балалық шағы, қиындықтарға мойымай, адал еңбегімен асқақ арманына ұмтылғаны жас кезі жайлы бөбектерге баян етілді. 

Олар өз кезегінде «Нұрсұлтан ата!» деп тақпақ айтып, шын жүректен жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді. Солардың бірі - бес жасар Зухра Елбасына: «Нұрсұлтан ата, сізді шын жүректен мерекеңізбен құттықтаймын! Сіздің балалық шағыңыз қиыншылықпен өткенін біз білеміз, бірақ бізге осындай күн шуақты балғын кезді сыйлағаныңызға көп рахмет!» деп хат жазыпты. Оны мерекелік кеште өзі көрермен алдында оқып беріп, пошта қызметкеріне табыстады.

«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бойынша бір жыл бұрын «Күнекей» балабақшасын ашқан болатынбыз. Қазіргі сәтте балалар мұнда қабылданып, тәлім-тәрбие алуда. Жалпы, қала бойынша балалардың 71%-ы балабақшамен қамтылған. 2014 жылға дейін тағы 10 балабақша салу жоспарлануда. Беріліп жатқан тәлім өзгеше, елін, жерін сүюге баулу, балалардың патриоттық сезімін ояту – әрбір ұстаздың көкейіндегі мәселе», - деді шараға қатысқан қалалық білім бөлімінің бастығы Марат Аралбаев.

Шараның соңы Атамекен әнін орындаумен корытындыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға