Астанада «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы президенттік институт» халықаралық конференциясы басталды. Шараны Қазақстанның тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Нұр Отан» ХДП парламентаризм институты ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Халықаралық конференцияға Ұлыбритания, Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ресей, Қазақстанның танымал сарапшылары мен саясаткерлері жиналды.
Жиынды ашқан «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев еліміз бүгінгідей жетістіктерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында жеткенін айта келіп, болашақтағы алар асуымыз да Тұңғыш Президенттің көреген саясаткерлігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.
Конференцияда Қазақстанның Президенттік институтының қалыптасу үлгісі, оның Қазақстан Тәуелсіздігін нығайтудағы рөлі, сонымен қатар президенттік билік институты қызметінің халықаралық тәжірибесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады деп көзделген.
Астанада «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы президенттік институт» халықаралық конфе
Оқи отырыңыз
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес