Жаңалықтар

Портреттік очерк

Портреттік очеркте әдеби портрет түпнұсқасынның көшірмесін жасамайды немесе сыртқы көрінісін, белгілерін көрсетумен шектелмейді, сондай-ақ қаһарманның жеткен жетістіктерін санамалап шығумен де шұғылданбайды. Онда адам бейнесін сомдай отырып, оның характерін ашады. Портреттік очерк жазар алдында автор қаһарман таңдау, оның ішкі әлеміне терең бойлау, ол өмір суретін, еңбек ететін ортасын нақты жағдайды анықтап, зерттеуі қажет. Хемингуэй: «Көркем шығарма шындығы өмір шындығынан күшті болуы тиіс, сонда ғана жазушы адамдарга әсер ете алады»,- дейді (Г.Боровик жазбасы бойынша). Бұл айтылған пікір көркем әдебиет жанрларындағы образ жасауға да тиесілі. Қаһарманмен сұхбат, оның өз қызметін толық орындауы жөнінде анықтама, не шынайы толтырылған сауалнама әлі де қаһарманның толық портретін бере алмайды және қаһарман портретін жасауда даралық пен типтілік туралы мәселе туады. Суреткер жасаған портрет, тіпті портрет-естелік түрінде болса да, қаһарман бейнесіндегі типтік белгіні көрсетеді. Жалпы, портретші оқырманға очерк кейіпкерінің характері туралы өзінің болжамын айтады. Очеркші өз замандасының шынайы портретін жасау үшін төмендегі жайлар кері әсерін тигізбейді. Біріншіден, портреттік очерктің деректілігі қаһарманның накты аты сақталуынан, не бір екі әрпі өзгеруіне немесе қаһарманның бүркеншек атпен аталуына байланысты емес. Екіншіден, көп жағдайда өмірлік материал авторға ерлік  адамының  шынайы   бейнесін  көрсетіп  береді.  Кейіпкердің мінезіндегі қасиеттерін, кемшіліктерін көрсете бастауы да кері әсерін тигізбейді. Үшіншіден, автор портрет очерктерінде өз қаһарманының характерін ойлап табуға құқылы. Қаһарман тірі ме, әлде өлі ме, осыған қарамастан ол очеркте шынайы, әрі көп қырлы болып бейнеленуі тиіс. Очеркте пайда болған әдеби қаһарман «типті» және «дара» мінез-құлқы бар болуы тиіс. Портретке оқырман қызығушылығының төмендеуі қаһармандағы типтік белгілердің тым көбеюі немесе оның даралық бейнесінің бұлдырауынан екені сөзсіз. Жазушы портрет жасауда әртүрлі адамдарда байқалатын кейбір мінездерін, кейде бір нақты адамның мінезіндегі ерекшелігін көрсетуі мүмкін. Нақтылай айтқанда, портретті очерктің міндеті - жалпы бейне немесе нақты адамдар (Ыбырай Жақаев, Злиха Тамшыбаева, Талғат Бегелдинов, Бауыржан Момышұлы, Тәлеген Тоқтаров, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова т.б.) арқылы мінез ерекшеліктерін дұрыс таныту. Портрет термині алғашқыда сырт бейнеңді суреттеу болып табылса, қазіргі күнде очерктің бірден-бір бейнелеу құралы және жанр түрлерінің бастысы. Портретті очерк жасайтын автор алдына мынадай мақсат қояды: қазіргі заман адамын, оның іс-тәжірибесін, өмірдегі табысын көрсету, рухани әлемін ашу. Очеркші мінез ерекшеліктері байқалатын кейіпкер өмірінің жеке сәттерін бөліп қарастырады. Адамның мінезі күнделікті тіршілікте айқындалатыны да - заңды құбылыс. Портретті очерк композициясы, ең алдымен, кейіпкердің идеялық және психологиялық мінездеме талаптарымен анықталады. Адамды көрсету мақсатында автор ол жайындағы пікірін, өзгелердің де көзқарасын керсетеді, оған дәлелдемелер келтіреді. Әрбір диалог, сырт келбетінің әрбір бөлшегі бейнеленген адамды жақсы жақтарынан көрсету үшін, не болмаса алдында байқалған мінездер жайындағы түсінікті тереңдету үшін қолданылады. Бұл очерктегі суреттеуде өзіндік объектісімен байланысқанымен, беллетристикаға тән қасиеттерге де ие. Кез келген портретті очерк сюжетті бола бермейді. Сондықтан да, портретті очеркте басты фигура нақты бір адам болып табылады. Кейіпкердің шын атын атау міндетті емес, кейіпкер белгілі бір себептерге байланысты аты аталмауы мүмкін, бұдан суреттеліп отырған портрет жапа шекпейді. Алайда, нақты бір адамды очеркке енгізу бүгінгі күні өте маңызды және қажетті. Кейде портретті очерк атқарған қызметі мен жақсы жақтарымен ауыстырылады. Қазақ әдебиетінде де портретті очерктің үздік үлгілері өмірге дер кезінде келіп, өз замандастарыньщ рухани жан-дүниесіне терең бойлаған. Оларға Ә.Әлімжановтың «Дихан туралы аңыз», Қ.Ысқақовтың «Айша апай», Ж.Жұмақановтың «Нәйлэ» т.б очерктерді атауға боладьг Очеркте «құрастыру» және «ұйымдастыру» сөздері үлкен мағынаға ие. Әдгіме тек қана өмір деректерін іріктеу емес, сонымен қатар, оны жоспарлау, орналастыру, монтаждау және де тек қана материалдық элементі мен түйіскен жерінің сапалығын «қалыптастыру» емес, санының ара қатынасы, кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесі мен сыртқы танымы, басты және болмашы, жеке және ортақ тепе-теңдігінің қажеттігі, қосалқы бағыну принципі және әр түрлі ішкі ырғақтар жиынтығы, үндестігі және т.б. болып табылады. Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева «Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.
13.09.2013 04:56 6261

Портреттік очеркте әдеби портрет түпнұсқасынның көшірмесін жасамайды немесе сыртқы көрінісін, белгілерін көрсетумен шектелмейді, сондай-ақ қаһарманның жеткен жетістіктерін санамалап шығумен де шұғылданбайды. Онда адам бейнесін сомдай отырып, оның характерін ашады. Портреттік очерк жазар алдында автор қаһарман таңдау, оның ішкі әлеміне терең бойлау, ол өмір суретін, еңбек ететін ортасын нақты жағдайды анықтап, зерттеуі қажет. Хемингуэй: «Көркем шығарма шындығы өмір шындығынан күшті болуы тиіс, сонда ғана жазушы адамдарга әсер ете алады»,- дейді (Г.Боровик жазбасы бойынша). Бұл айтылған пікір көркем әдебиет жанрларындағы образ жасауға да тиесілі. Қаһарманмен сұхбат, оның өз қызметін толық орындауы жөнінде анықтама, не шынайы толтырылған сауалнама әлі де қаһарманның толық портретін бере алмайды және қаһарман портретін жасауда даралық пен типтілік туралы мәселе туады.

Суреткер жасаған портрет, тіпті портрет-естелік түрінде болса да, қаһарман бейнесіндегі типтік белгіні көрсетеді. Жалпы, портретші оқырманға очерк кейіпкерінің характері туралы өзінің болжамын айтады. Очеркші өз замандасының шынайы портретін жасау үшін төмендегі жайлар кері әсерін тигізбейді. Біріншіден, портреттік очерктің деректілігі қаһарманның накты аты сақталуынан, не бір екі әрпі өзгеруіне немесе қаһарманның бүркеншек атпен аталуына байланысты емес. Екіншіден, көп жағдайда өмірлік материал авторға ерлік  адамының  шынайы   бейнесін  көрсетіп  береді.  Кейіпкердің мінезіндегі қасиеттерін, кемшіліктерін көрсете бастауы да кері әсерін тигізбейді. Үшіншіден, автор портрет очерктерінде өз қаһарманының характерін ойлап табуға құқылы. Қаһарман тірі ме, әлде өлі ме, осыған қарамастан ол очеркте шынайы, әрі көп қырлы болып бейнеленуі тиіс. Очеркте пайда болған әдеби қаһарман «типті» және «дара» мінез-құлқы бар болуы тиіс. Портретке оқырман қызығушылығының төмендеуі қаһармандағы типтік белгілердің тым көбеюі немесе оның даралық бейнесінің бұлдырауынан екені сөзсіз.

Жазушы портрет жасауда әртүрлі адамдарда байқалатын кейбір мінездерін, кейде бір нақты адамның мінезіндегі ерекшелігін көрсетуі мүмкін. Нақтылай айтқанда, портретті очерктің міндеті - жалпы бейне немесе нақты адамдар (Ыбырай Жақаев, Злиха Тамшыбаева, Талғат Бегелдинов, Бауыржан Момышұлы, Тәлеген Тоқтаров, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова т.б.) арқылы мінез ерекшеліктерін дұрыс таныту. Портрет термині алғашқыда сырт бейнеңді суреттеу болып табылса, қазіргі күнде очерктің бірден-бір бейнелеу құралы және жанр түрлерінің бастысы. Портретті очерк жасайтын автор алдына мынадай мақсат қояды: қазіргі заман адамын, оның іс-тәжірибесін, өмірдегі табысын көрсету, рухани әлемін ашу. Очеркші мінез ерекшеліктері байқалатын кейіпкер өмірінің жеке сәттерін бөліп қарастырады. Адамның мінезі күнделікті тіршілікте айқындалатыны да - заңды құбылыс.

Портретті очерк композициясы, ең алдымен, кейіпкердің идеялық және психологиялық мінездеме талаптарымен анықталады. Адамды көрсету мақсатында автор ол жайындағы пікірін, өзгелердің де көзқарасын керсетеді, оған дәлелдемелер келтіреді. Әрбір диалог, сырт келбетінің әрбір бөлшегі бейнеленген адамды жақсы жақтарынан көрсету үшін, не болмаса алдында байқалған мінездер жайындағы түсінікті тереңдету үшін қолданылады. Бұл очерктегі суреттеуде өзіндік объектісімен байланысқанымен, беллетристикаға тән қасиеттерге де ие.

Кез келген портретті очерк сюжетті бола бермейді. Сондықтан да, портретті очеркте басты фигура нақты бір адам болып табылады. Кейіпкердің шын атын атау міндетті емес, кейіпкер белгілі бір себептерге байланысты аты аталмауы мүмкін, бұдан суреттеліп отырған портрет жапа шекпейді. Алайда, нақты бір адамды очеркке енгізу бүгінгі күні өте маңызды және қажетті. Кейде портретті очерк атқарған қызметі мен жақсы жақтарымен ауыстырылады. Қазақ әдебиетінде де портретті очерктің үздік үлгілері өмірге дер кезінде келіп, өз замандастарыньщ рухани жан-дүниесіне терең бойлаған. Оларға Ә.Әлімжановтың «Дихан туралы аңыз», Қ.Ысқақовтың «Айша апай», Ж.Жұмақановтың «Нәйлэ» т.б очерктерді атауға боладьг

Очеркте «құрастыру» және «ұйымдастыру» сөздері үлкен мағынаға ие. Әдгіме тек қана өмір деректерін іріктеу емес, сонымен қатар, оны жоспарлау, орналастыру, монтаждау және де тек қана материалдық элементі мен түйіскен жерінің сапалығын «қалыптастыру» емес, санының ара қатынасы, кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесі мен сыртқы танымы, басты және болмашы, жеке және ортақ тепе-теңдігінің қажеттігі, қосалқы бағыну принципі және әр түрлі ішкі ырғақтар жиынтығы, үндестігі және т.б. болып табылады.

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публцистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға