Екі мың жылдық тарихы бар Шымкент қаласы шырайлана түспек. Алдағы уақытта қалада мәдени нысандар мен тұрғын үйлер бой көтеріп, қаланы көріктендіре түседі, деп жазады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тікелей басшылығымен Шымкент қаласындағы «Ипподром» аумағынан бастап, Бәйдібек би ескерткішіне дейінгі аумақта этно-тарихи тематикалық саябақтың, облыстық мұражай және әдет-ғұрып орталығының эскиздік жобасы мен жұмыс жобасы жасақталынып жатыр. Этно-тарихи саябақ аумағында облыс көлемінде орналасқан тарихи маңызы бар кесенелер мен ескерткіштердің шағындалған макеттері орналастырылатын болады. Облыстық музей және әдет-ғұрып орталығының (төмендегі суретте берілген - Авт.) құрылыс жұмыстарына ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қаражат қарастырылып, жұмыстар басталмақ.
Сонымен қатар, «Наурыз» алаңын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл аумақта «Ауылым алтын бесігім» атты барельефті композициясы, қазақтың салт-дәстүрін көрсететін «Көкпаршы», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Бүркітші» кейіптері көрсетілген сәулеттік декоративтік элементтер орналастырылатын болады. Аталған жобалар осы жылдың қараша айында аяқталады деп күтілуде.
Шымкент шырайлана түспек
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды