6 қазанда Алматыда біркүндік велотур өтеді. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәжілісі кезінде Қазақстандық велосипед спорты федерациясының техникалық директоры Александр Антышев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Осы жылдың 23 ақпанында Халықаралық велосипедшілер одағы мен Қазақстан велосипед спорты федерациясы ағымдағы жылдың 6 қазанында Алматы қаласында бір күндік «Тур Алматы» жарысын өткізу туралы меморандумға қол қойған болатын.
«Жарыстың өткізілу мерзімі шосселік велоспорттан Әлем чемпионаты аяқталып, командалардың тіркелуі мен біздің жарысқа қатысуларына мүмкіндік беру үшін бір апта уақыт қоса есептеліп белгіленіп отыр. Біз тұңғыш рет өз жарысымызда континентальдік клубтарды қарсы алғалы отырмыз. Оның бағыты мынадай: «Нұрлы Тау» БО-дан бастау алып, оңға қарай ҚР Тұңғыш президенті саябағына қарай жылжимыз, ол жерде қосалқы жолға қайра бұрылып, үлкен шеңбер сол «Нұрлы Тау» БО маңында аяқталады. Жолдың ұзақтығы – 31 км», - деп мәлім етті А.Антышев.
Сондай-ақ Қазақстандық велосипед спорты федерациясының техникалық директоры Антышев алматылықтар мен қала қонақтары бірнеше көшенің жабылуына себеп болатын веложарысқа түсіністікпен қарайды деген сенімін жеткізді.
Алматыда біркүндік веложарыс өтеді
Оқи отырыңыз
24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?