Астанада кеше «Тілеп қобыз сарайы» концерт залында «Ұлы Дешті Қыпшақ даласының әуендері» деген атаумен «Көк түркілер» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетті, деп хабарлайды BNews.kz.
Кеште көне аспаптарды шебер меңгерген музыканттар XVIII ғасырдағы Тілеп Аспантайұлының нар қобызын, IX ғасырда ұлы ғалым әрі ойшыл Әл-Фараби ойлап тапқан әл-канун аспабын, археологтар Алтай үңгірінен тапқан V ғасырдағы қыпшақ домбырасының көшірмесін, сонымен қатар қыл-қобыз, шаң-қобыз, жетіген, дабыл, данғыра, сыбызғы сияқты аспаптарда ойнап, көрермендерге қуаныш сыйлады.
Әсіресе, жиналған қауым көмеймен ән айтудың хас шебері Еділ Құсайыновтың өнеріне таңдай қақты.
«Көк түркілер» Ұлы дала тарихынан сыр шертті
Оқи отырыңыз
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі