6 қыркүйекте Конгресс-холлда «Отбасы күні» мерекесіне арналған Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды astana.kz.
«Отбасы күні» қарсаңында ұйымдастырылып жатқан ашық есік күні барысында денсаулық сақтау қызметкерлері мен мамандары, қала тұрғындарына денсаулыққа және аурулардың алдын алуға қатысты мәселелер бойынша кеңестер береді.
Акцияның мақсаты - халыққа әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу, сондай-ақ олардың пайда болу қаупін азайту мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру, соның ішінде медициналық жәрдем көрсету болып табылады.
Қыркүйектің 5-6 жұлдызы аралағында Елорданың барлық емханаларында өтетін ашық есік күндерінде Астана қаласының тұрғындары салауатты өмір салты бойынша және репродукциялық денсаулықты қорғау жөнінде кеңес ала алатындығын естеріңізге саламыз.
Бүгін Конгресс-холлда Ашық есік күні
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады