Осы аптада оңтүстік астанада бірнеше спорттық шара өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасай отырып.
Сонымен, бүгін спорттық гимнастика мен көпсайыстан ҚР чемпионаты басталады. Чемпионат 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы күндері Асанов атындағы мергендер клубында стендтік атудан ҚР чемпионаты өтеді.
4-8 қыркүйек аралығында 1994 ж.т. туғандар мен бұл жастан үлкендер арасында байдаркада ескек есуден ҚР чемпионаты өтеді.
Кеше басталған 1997-98 ж.т. арасындағы футболдан ҚР чемпионаты 7 қыркүйекке дейін жалғасады.
Сондай-ақ, кеше, бүгін және ертең Алаты қаласы аралас командалары арасында волейболдан жарыс өтеді.
Ертең, 3 қыркүйекте «Отбасы күніне» арналған «Дені сау отбасы» ұранымен отбасылық командалар жарысы өтеді.
Алматыда спорт апталығы басталды
Оқи отырыңыз
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі