Жаңалықтар

30-қараша

Барбадостың Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігін жариялаған күні (1966). Барбадос Вест-Индияның шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Астанасы - Бриджтаун қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - барбадос доллары. Халықаралық ақпарат қорғау күні. 1988 жылы Америкалық компьютерлік жабдықтар ассоциациясы 30 қарашаны «Халықаралық ақпарат қорғау күні» деп жариялады. Анджейки (Андрей аттастар күні). Бұл мейрамның атауы «Анджей» (Андрей) есімінен - Польшадағы көп кездесетін ерлер есімінің бірінен бастау алады. Халықтық мерекелерге жататын мейрам 29-ынан 30-ына қараған түні тойланады және оны тек Андрейлер ғана емес, басқалар да атап өтеді. 1698 жылы  I Петр Ресейдегі ең алғашқы және жоғарғы марапат - Андрей Первозванный орденін бекітті. Орден 1998 жылы қайта жаңартылған. Аталмыш орденмен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев марапатталған. 2004 жылы  Қостанай облысының Арқа стансасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Хромтау - Алтынсарин жаңа темір жол желісі бойынша қозғалыс басталуының салтанатты рәсімі болып өтті. Бұл жол еліміздің солтүстігінен батысына көлік қатынауы қашықтығын 2 мың шақырымға дейін қысқартып, тасымалданатын жүктердің бағасындағы көліктік қосымшаларды азайтады, астық, мұнай, металл және Ақтау теңіз айлағы арқылы өтетін халықаралық қатынастағы басқа да жүктерді экспорттық тасымалдаудағы жол ұзақтығын шектейді, тиісінше, сол жерден сан жаққа қиыстырылған көліктік дәлізбен Азияға, Кавказ елдеріне, Шығыс және Орталық Еуропаға жол ашылады. Жолдың жалпы ұзындығы - 403,9 шақырым. 2005 жылы  Павлодардың Шафер үйі мұражайы қазақтың музыка тарихында өзінің қолтаңбасын қалдырған композитор Евгений Брусиловскийдің 100 жылдығына арнап лазер дискісін шығарды. Онда атақты сазгердің әндері мен романстары, ол өңдеп, нотаға түсірген қазақтың халық әндері жазылған. Евгений Брусиловский - Қазақстандағы кәсіби музыкалық білім берудің негізін салып, Құрманғазы атындағы консерваторияның ірге тасын қалағандардың бірі. Оның қазақтың халық әндері негізінде жазған «Айман-Шолпан» және «Қыз Жібек» опералары - қазақтың осы саладағы музыка өнерінің қарлығаштары ғана емес, халқымыздың музыка шығармашылығының алтын қорына айналған асыл дүниелер. 2005 жылы  Қызылорда облысындағы ерте замандағы тұрақтарында қазба жұмыстарын жүргізген кезде бірегей заттар табылды. Қазба жұмыстары Жаңадария -Сырдария саласы өзендерінің жағалауында орналасақан Ширек Рабат ескі қаласының аумағында жүргізілді, қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданы. Бұл жұмыстар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өткізілді. Көлемі 40 гектар жерді алып жатқан екі қатарлы қамал IV-V ғасырларда тіршілік еткен. Бүгінгі таңда ол археологиялық ескерткіштердің тізіміне енген. Қазба жұмыстары кезінде екі метрлік тереңдікте найзаның ұштары, қыш ыдыстары, алтыннан жасалған бұйымдар табылды. 2007 жылы  Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы заңнамалар институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда жаңадан өзгертулер енгізу арқылы қабылданған Ата заңымызға ғылыми түсініктеменің таныстырылымы болды. «Ата заңымызға енгізілген өзгертулер өте зор мағынаға ие болды және бұл үрдістің маңыздылығы отандық ғалымдармен қатар шетелдік кәсіби мамандардың тарапынан да жоғары бағаланып отыр. Осыған орай Конституциямызды толықтай халықаралық талаптарға сай келеді, әрі республикамыздың одан әрі дамуына оң әсер етеді деуге болады.
23.08.2013 09:55 4205

Барбадостың Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігін жариялаған күні (1966). Барбадос Вест-Индияның шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Астанасы - Бриджтаун қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - барбадос доллары.

Халықаралық ақпарат қорғау күні. 1988 жылы Америкалық компьютерлік жабдықтар ассоциациясы 30 қарашаны «Халықаралық ақпарат қорғау күні» деп жариялады.

Анджейки (Андрей аттастар күні). Бұл мейрамның атауы «Анджей» (Андрей) есімінен - Польшадағы көп кездесетін ерлер есімінің бірінен бастау алады. Халықтық мерекелерге жататын мейрам 29-ынан 30-ына қараған түні тойланады және оны тек Андрейлер ғана емес, басқалар да атап өтеді.

1698 жылы  I Петр Ресейдегі ең алғашқы және жоғарғы марапат - Андрей Первозванный орденін бекітті. Орден 1998 жылы қайта жаңартылған. Аталмыш орденмен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев марапатталған.

2004 жылы  Қостанай облысының Арқа стансасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Хромтау - Алтынсарин жаңа темір жол желісі бойынша қозғалыс басталуының салтанатты рәсімі болып өтті. Бұл жол еліміздің солтүстігінен батысына көлік қатынауы қашықтығын 2 мың шақырымға дейін қысқартып, тасымалданатын жүктердің бағасындағы көліктік қосымшаларды азайтады, астық, мұнай, металл және Ақтау теңіз айлағы арқылы өтетін халықаралық қатынастағы басқа да жүктерді экспорттық тасымалдаудағы жол ұзақтығын шектейді, тиісінше, сол жерден сан жаққа қиыстырылған көліктік дәлізбен Азияға, Кавказ елдеріне, Шығыс және Орталық Еуропаға жол ашылады. Жолдың жалпы ұзындығы - 403,9 шақырым.

2005 жылы  Павлодардың Шафер үйі мұражайы қазақтың музыка тарихында өзінің қолтаңбасын қалдырған композитор Евгений Брусиловскийдің 100 жылдығына арнап лазер дискісін шығарды. Онда атақты сазгердің әндері мен романстары, ол өңдеп, нотаға түсірген қазақтың халық әндері жазылған.

Евгений Брусиловский - Қазақстандағы кәсіби музыкалық білім берудің негізін салып, Құрманғазы атындағы консерваторияның ірге тасын қалағандардың бірі. Оның қазақтың халық әндері негізінде жазған «Айман-Шолпан» және «Қыз Жібек» опералары - қазақтың осы саладағы музыка өнерінің қарлығаштары ғана емес, халқымыздың музыка шығармашылығының алтын қорына айналған асыл дүниелер.

2005 жылы  Қызылорда облысындағы ерте замандағы тұрақтарында қазба жұмыстарын жүргізген кезде бірегей заттар табылды. Қазба жұмыстары Жаңадария -Сырдария саласы өзендерінің жағалауында орналасақан Ширек Рабат ескі қаласының аумағында жүргізілді, қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданы. Бұл жұмыстар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өткізілді. Көлемі 40 гектар жерді алып жатқан екі қатарлы қамал IV-V ғасырларда тіршілік еткен. Бүгінгі таңда ол археологиялық ескерткіштердің тізіміне енген. Қазба жұмыстары кезінде екі метрлік тереңдікте найзаның ұштары, қыш ыдыстары, алтыннан жасалған бұйымдар табылды.

2007 жылы  Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы заңнамалар институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Онда жаңадан өзгертулер енгізу арқылы қабылданған Ата заңымызға ғылыми түсініктеменің таныстырылымы болды. «Ата заңымызға енгізілген өзгертулер өте зор мағынаға ие болды және бұл үрдістің маңыздылығы отандық ғалымдармен қатар шетелдік кәсіби мамандардың тарапынан да жоғары бағаланып отыр. Осыған орай Конституциямызды толықтай халықаралық талаптарға сай келеді, әрі республикамыздың одан әрі дамуына оң әсер етеді деуге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға