Астанада екі жүзден астам жастың қатысуымен флеш-моб өтті.
Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студенттері қатысқан бұл шара елімізде алғаш рет 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесінің тойлануына орай ұйымдастырылды. деп хабарлайды BAQ.kz.
Колледж әкімшілігі 26-30 қараша аралығын мерекелік апталық етіп жариялап отыр. Арнайы бекітілген іс-шаралар жоспарына сай оқу орнының студенттері арасында түрлі бағдарламалар мен спорттық сайыстар өткізілуде.
Мерекелік апталықтың беташары ретінде оқушы жастардың бастамасымен, әрі жаппай атсалысуымен аталмыш флеш-моб ұйымдастырылды. Сонымен қоса, студент жастар дайындаған «Ұлт Көшбасшысы» тақырыбындағы фотоколлаж көрмесі де бүгін көпшілік назарына ұсынылып отыр. Мұнда студенттер бүгінде ұлт көшбасшысы болып танылған Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі кезеңдердегі фотосуреттерін өз киялдарымен ұштастырып фото шежіре жасады.
Шараның мақсаты Елбасының бастамасымен қазіргі уақытта қоғамдағы түрлі оң өзгерістерге ел студенттері мен жастарының назарын аударту болып табылды.
Тұңғыш Президент күніне орай студенттер флеш-моб ұйымдастырды
Оқи отырыңыз
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады