Жаңалықтар

30-маусым

Конго Демократиялық Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. Конго Орталық Африкада орналасқан. Батысында және солтүстік-батысында Конго Республикасымен, солтүстігінде Орталық Африка Республикасымен, солтүстік-шығысында Суданмен, шығысында Уганда, Руанда, Бурунди, Танзаниямен, оңтүстігінде Замбиямен, оңтүстік-батысында Анголамен шектеседі. Әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Елде 200-ден астам этникалық топтардың өкілдері тұрады. Астанасы - Киншаса қаласы. Ресми тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - конго франкі.    Беларусь экономисі күні. 2000 жылғы ақпанның 2-сінде Беларусь Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген. Жыл сайын атап өтіледі. 2007 жылы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының алдында Халықтар достығы монументі ашылды. Монументтің салтанатты ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген Испания Королі Хуан Карлос І және Королева София қатысты. Аталған ескерткіштің авторлары - суретші Төлеуғазы Байғалиев, сәулетші Саматбек Тәженұлы, мүсінші Асқар Нартов. Ескерткіштің биіктігі 21 метр. Оның жоғарғы жағында еліміздегі саны 100 мыңнан асатын қазақ, орыс, неміс және кәріс ұлты қыздарының шаңырақты көтеріп тұрған мүсіні бейнеленген. Ескерткіштің ортасында Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың санына сәйкес керегелер мен масақ орналасқан. 2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодекске сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 2009 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмола ауылындағы «Ақмола-Феникс» АҚ кеңсесінде Социалистік Еңбек Ері Иван Шарфты мәңгі есте сақтау мақсатымен мемориалды тақта ашылды. Иван Иванович Шарф (1930-2008) Қарағанды педагогикалық институтынан кейін ұстаздық етіп, соңынан Целиноград зооветеринарлық техникумында, Целиноград ауыл шаруашылығы институтында білімін жалғастырған. Еңбек жолын мектепте мұғалімдіктен бастап, талай жылдар қоғамдық, партия ұйымында, шаруашылық басшысы қызметтерінде жоғары бағаға ие болған. 1975 жылы Целиноград құс өсіру жөніндегі өндірістік бірлестіктің бас директоры қызметіне тағайындалған. Ол 1993 жылы «Ақмола-Феникс» акционерлік қоғамы болып қайта құрылған болатын. 1986 жылы Социалистік Еңбек Ері атанды, кейіннен «Құрмет белгісі», «Октябрь революциясы» ордендеріне ие болды. «Ақмола-Феникс» - елорданы құс етімен, жұмыртқамен, ұн және нан өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етіп келе жатқан өндіріс орталығы.
21.08.2013 09:32 3577

Конго Демократиялық Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. Конго Орталық Африкада орналасқан. Батысында және солтүстік-батысында Конго Республикасымен, солтүстігінде Орталық Африка Республикасымен, солтүстік-шығысында Суданмен, шығысында Уганда, Руанда, Бурунди, Танзаниямен, оңтүстігінде Замбиямен, оңтүстік-батысында Анголамен шектеседі. Әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Елде 200-ден астам этникалық топтардың өкілдері тұрады. Астанасы - Киншаса қаласы. Ресми тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - конго франкі.   

Беларусь экономисі күні. 2000 жылғы ақпанның 2-сінде Беларусь Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген. Жыл сайын атап өтіледі.

2007 жылы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының алдында Халықтар достығы монументі ашылды. Монументтің салтанатты ашылу рәсіміне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген Испания Королі Хуан Карлос І және Королева София қатысты.

Аталған ескерткіштің авторлары - суретші Төлеуғазы Байғалиев, сәулетші Саматбек Тәженұлы, мүсінші Асқар Нартов.

Ескерткіштің биіктігі 21 метр. Оның жоғарғы жағында еліміздегі саны 100 мыңнан асатын қазақ, орыс, неміс және кәріс ұлты қыздарының шаңырақты көтеріп тұрған мүсіні бейнеленген. Ескерткіштің ортасында Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың санына сәйкес керегелер мен масақ орналасқан.

2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодекске сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2009 жылы Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмола ауылындағы «Ақмола-Феникс» АҚ кеңсесінде Социалистік Еңбек Ері Иван Шарфты мәңгі есте сақтау мақсатымен мемориалды тақта ашылды.

Иван Иванович Шарф (1930-2008) Қарағанды педагогикалық институтынан кейін ұстаздық етіп, соңынан Целиноград зооветеринарлық техникумында, Целиноград ауыл шаруашылығы институтында білімін жалғастырған. Еңбек жолын мектепте мұғалімдіктен бастап, талай жылдар қоғамдық, партия ұйымында, шаруашылық басшысы қызметтерінде жоғары бағаға ие болған. 1975 жылы Целиноград құс өсіру жөніндегі өндірістік бірлестіктің бас директоры қызметіне тағайындалған. Ол 1993 жылы «Ақмола-Феникс» акционерлік қоғамы болып қайта құрылған болатын. 1986 жылы Социалистік Еңбек Ері атанды, кейіннен «Құрмет белгісі», «Октябрь революциясы» ордендеріне ие болды.

«Ақмола-Феникс» - елорданы құс етімен, жұмыртқамен, ұн және нан өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етіп келе жатқан өндіріс орталығы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға