Осло қаласында қазақстандық кино күндері аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген фильмдердің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдени шара аясында Норвегия астанасында «Синематекет» кинотеатры экрандарында көрермендер Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Келін», «Жаужүрек мың бала» және тағы басқа халыққа танымал фильмдерін көрді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Шараны Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жыл толуына байланысты Қазақстанның елшілігі норвегия-қазақ мәдени орталығы мен норвегия кино институтымен бірігіп ұйымдастырды.
Қазақстандық кинотуындылар Норвегияда көрсетілді
Оқи отырыңыз
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?