Жаңалықтар

2-қаңтар

Швейцарияда Әулие Бертольд күні. Жаңа жылдық мерекеден кейін - Әулие Бертольд күні - Берн қаласының қаланғанына орай атап өтеді. Елдің астанасы - Берннің 1191 жылы Бургундия үкіметінің Бесінші Церингер Бертольд герцогінің қаулы шығаруымен негізі қаланды.   1968 жылы «Вечерний Алматы» қалалық газетінің алғашқы саны жарық көрген күн. Басылым қала әкімшілігі мен мәслихатының, қоғамдық және мәдени ұйымдарының тұрмысындағы жаңалықтарды, кәсіпкерлік, іскерлік, сауда және көлік саласындағы ақпараттарды жариялап тұрады. 2011 жылы 28 сәуірде басылым 75 жылдық мерейтойын атап өтті. Дерекке сүйенсек, «Вечерний Алматы» алғашында «Социалистическая Алма-Ата» деген атаумен 1936 жылы сәуірде жарық көрген.  Кейін 1968 жылы 2 қаңтарда «Вечерний Алматы» болып өзгерген. Газеттің бүгінгі директор-бас редакторы ─ Николай Жоров.   1992 жылы Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға мүше болды. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (бұдан әрі — ЕҚЫҰ) – бұл құрамына Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін біріктіріп отырған, қауіпсіздік жөніндегі ірі аймақтық ұйым.   1992 жылы Норвегия корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады. Солтүстік Еуропаның Скандинавия түбегінде батыс жағалауды барынша иемденіп жатқан ірі елдердің бірі — Норвегия болып табылады. Атлант мұхитынан соғатын суық желдің әсері бар, батыстағы таулы қыраттың қытымыр аязы үстемдік құратын өлке қатарынан үш елмен қоңсылас орналасқан: Ресеймен — 196, Финляндиямен — 727 км, ал Швециямен — 1619 км шекарасы шектесіп жатыр. Корольдіктің жер аумағы — 386 960 км2 құрайды. Бұл жағынан келгенде Норвегия Скандинавия елдері ішінде екінші орында. Норвегия жері 19 облысқа бөлінген (жергілікті тілде облысты фүлке атайды). Әр облыс қалалар мен ауылдық округтерден (коммуна) құралады. Оның әрбірі төрт жылда бір сайланатын кеңеске ие.   2007 жылы Қазақстан Рамсар конвенциясына қол қойған 154-ші ел болды. 2007 жылғы қаңтардың 2-інде құжатқа қол қойылды. Бұл құжат  төрт айдан кейін мамырдың 2-інде күшіне енді. Қазақстанның алғашқы Рамсар объектісі - Ақмола облысындағы Теңіз-Қорғалжын көлдерінің жүйесі - халықаралық мәні бар сулы-сазды жерлер тізіміне 1976 жылы қазанда енгізілген.   2006 жылы  Павлодарлық ақын Татьяна Окольничьейдің «Золотое мое горенье» атты кітабы жарық көрді. Автордың поэзиясымен павлодарлықтар бұрынан таныс - Татьяна көп жылдар бойы «Звезда Прииртышья» атты облыстық газеттік әдеби беттеріне шығады. Т.Окольничьейдің лирикасы бейнелі және таза. Автор өзінің көптеген өлеңдерін Ертіске, туған жерінің табиғатына арнайды. Өлең жолдарында - ескі Павлодардағы балалық шақ кезіндегі ағаштан және саманнан жасалған үйлер, мерекелерде бірге қыдырған ақкөңіл көршілер туралы еске түсірулер жазылған.   2008 жылы  Белгілі павлодарлық ақын Виктор Семерьяновтың жаңа кітабы жарық көрді. «Ритмы времен» атты жинаққа автордың әр жылдары жазған ең үздік шығармалары кірді. Оған енген поэмалар «Жасыбай батыр туралы жырлар», «Машһүр төбесі», «Маусым», «Қысқы кемпірқосақ». «Мен Қазақстанда тұрамын» деген поэма ақынның және Ресей мен Қазақстан халықтарының тағдырына арналған.  
21.08.2013 04:06 2873

Швейцарияда Әулие Бертольд күні. Жаңа жылдық мерекеден кейін - Әулие Бертольд күні - Берн қаласының қаланғанына орай атап өтеді. Елдің астанасы - Берннің 1191 жылы Бургундия үкіметінің Бесінші Церингер Бертольд герцогінің қаулы шығаруымен негізі қаланды.

 

1968 жылы «Вечерний Алматы» қалалық газетінің алғашқы саны жарық көрген күн. Басылым қала әкімшілігі мен мәслихатының, қоғамдық және мәдени ұйымдарының тұрмысындағы жаңалықтарды, кәсіпкерлік, іскерлік, сауда және көлік саласындағы ақпараттарды жариялап тұрады. 2011 жылы 28 сәуірде басылым 75 жылдық мерейтойын атап өтті.

Дерекке сүйенсек, «Вечерний Алматы» алғашында «Социалистическая Алма-Ата» деген атаумен 1936 жылы сәуірде жарық көрген.  Кейін 1968 жылы 2 қаңтарда «Вечерний Алматы» болып өзгерген. Газеттің бүгінгі директор-бас редакторы ─ Николай Жоров.

 

1992 жылы Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға мүше болды.

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (бұдан әрі — ЕҚЫҰ) – бұл құрамына Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін біріктіріп отырған, қауіпсіздік жөніндегі ірі аймақтық ұйым.

 

1992 жылы Норвегия корольдігі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады.

Солтүстік Еуропаның Скандинавия түбегінде батыс жағалауды барынша иемденіп жатқан ірі елдердің бірі — Норвегия болып табылады. Атлант мұхитынан соғатын суық желдің әсері бар, батыстағы таулы қыраттың қытымыр аязы үстемдік құратын өлке қатарынан үш елмен қоңсылас орналасқан: Ресеймен — 196, Финляндиямен — 727 км, ал Швециямен — 1619 км шекарасы шектесіп жатыр.

Корольдіктің жер аумағы — 386 960 км2 құрайды. Бұл жағынан келгенде Норвегия Скандинавия елдері ішінде екінші орында.

Норвегия жері 19 облысқа бөлінген (жергілікті тілде облысты фүлке атайды). Әр облыс қалалар мен ауылдық округтерден (коммуна) құралады. Оның әрбірі төрт жылда бір сайланатын кеңеске ие.

 

2007 жылы Қазақстан Рамсар конвенциясына қол қойған 154-ші ел болды. 2007 жылғы қаңтардың 2-інде құжатқа қол қойылды. Бұл құжат  төрт айдан кейін мамырдың 2-інде күшіне енді.
Қазақстанның алғашқы Рамсар объектісі - Ақмола облысындағы Теңіз-Қорғалжын көлдерінің жүйесі - халықаралық мәні бар сулы-сазды жерлер тізіміне 1976 жылы қазанда енгізілген.

 

2006 жылы  Павлодарлық ақын Татьяна Окольничьейдің «Золотое мое горенье» атты кітабы жарық көрді. Автордың поэзиясымен павлодарлықтар бұрынан таныс - Татьяна көп жылдар бойы «Звезда Прииртышья» атты облыстық газеттік әдеби беттеріне шығады.
Т.Окольничьейдің лирикасы бейнелі және таза. Автор өзінің көптеген өлеңдерін Ертіске, туған жерінің табиғатына арнайды. Өлең жолдарында - ескі Павлодардағы балалық шақ кезіндегі ағаштан және саманнан жасалған үйлер, мерекелерде бірге қыдырған ақкөңіл көршілер туралы еске түсірулер жазылған.

 

2008 жылы  Белгілі павлодарлық ақын Виктор Семерьяновтың жаңа кітабы жарық көрді. «Ритмы времен» атты жинаққа автордың әр жылдары жазған ең үздік шығармалары кірді. Оған енген поэмалар «Жасыбай батыр туралы жырлар», «Машһүр төбесі», «Маусым», «Қысқы кемпірқосақ». «Мен Қазақстанда тұрамын» деген поэма ақынның және Ресей мен Қазақстан халықтарының тағдырына арналған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға