«Астанада Ұлттық музей салынып жатқаны белгiлi. Ол бiздiң тәуелсiздiгiмiздiң бiр атрибуты десек те болады. Өйткенi, кез келген өркениеттi мемлекеттiң өткенiн, бүгiнi және болашағын танытатын сондай музейдiң болуы қажет», -дедi Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай.
Ауданы 73 мың шаршы метрден асатын музейдiң басты мiндетi Қазақстанның өткенiн, бүгiнi мен болашағын тек қана елiмiздiң азаматтарына ғана емес, шетелдiк қонақтарға да таныстыру болмақ. Музейдiң ғимаратын жобалауға шетелдiк архитекторлар, Оңтүстiк Корея мамандары жұмылдырылған. Дархан Мыңбай Ұлттық музейдiң құрылысы жоспарға сәйкес жүргiзiлiп жатқанын жеткiздi.
«Жүргiзiлiп жатқан жұмысты елге көрсету үшiн Еуразия арнасымен меморандумға қол қоюды жөн деп таптық. Музейдiң iшкi жұмысы басталып та кеттi. Жақында ғана бiз мемлекеттік тiркеуден өттiк, музей жарғысы бекiтiлдi», - деп атап өттi ол.
«Еуразия бiрiншi арнасы жоғары рейтингке ие арналардың бiрi. Кейiнгi кезде бiздiң арнаның ақпарттық саясатында түбегейлi жақсы өзгерiстер болып жатыр. Олардың негiзi қазақстандық iшкi контенттi арттыруға бағытталған. Соның iшiнде қазақ тiлiндегi жаңалықтар болсын, сараптамалық бағдарламалар болсын көп жобаларды іске асырып жатырмыз. Ең iрi жеңiстерiмiздiң бiрi – Елбасы туралы деректi фильм, Қасым Қайсенов туралы сериял түсірдік. Сонымен қатар, Ұлттық музей басшыларымен кездесiп, осындай ұсыныс жасадық. Бiздiң арна музейдiң қалыптасу сәттерiн, іске қосылғаннан кейінгі жұмысын көрсетуге дайын», - дедi арна директорының бiрiншi орынбасары Мұхтар Ерман.
Еуразия бiрiншi арнасы мен Ұлттық музей ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА, суреттерді Әділбек ТӘУЕКЕЛОВ түсірген
Оқи отырыңыз
23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?
Астанада бүгін Еуразия бiрiншi арнасы мен Ұлттық музей ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды