Қаланың білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева жаңа мемлекеттік білім беру стандартын енгізу, мемлекеттік тіл дәрежесін көтеру, орыс тілінің көп жылғы тәжірибесін сақтау, ағылшын тілін 1-сыныптан бастап оқытуды енгізу және жүзеге асыру, функционалды сауаттылықты дамыту сұрақтарына тоқталды.
Кейін салтанатты жиын барысында қала әкімі Ерхан Омаров мұғалімдер қауымын жаңа оқу жылының бастылуымен құттықтап, №33 мектептке дейінгі мекемені, №21 мектеп-гимназияны, қалалық оқушылар сарайын алғыс хатпен марапаттап, 150 мың теңгенің сертификатын табыс етті.
Кәсібилік және үздіксіз еңбегі үшін 11 педагог 50 мың теңге көлемінде сыйақы алды, сонымен қатар №8 орта мектеп, №43 мектепке дейінгі мекеме, №40 орта мектептің шағын орталығы, «Кен және Барби» мектепке дейінгі жекеменшік мекеменің де еңбектері жоғары бағаланды. Ата-аналар комитетінің 3 төрағасына алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар тарту етілді.
ҚазАқпарат.
Ақтөбеде облыстық драма театрда «Сапалы білім мен тәрбие беру - Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» деген атпен педаготардың тамыз жиналысы өтті.