Ойынның төрелігін айтатын топты чехиялық Павл Краловец басқарады.
Чемпиондар Лигасының квалификациялық ойындарында кездесетін қос команда ойыны ертең, яғни 20 тамыз күні елордадағы "Астана-Арена" стадионында өтетіні белгілі. Матч жергілікті уақыт бойынша 21:00-де басталады. Тартысты дода КТК телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі деп жоспарлануда.
Мақпал ЖҰМАШОВА
Қарағандылық "Шахтер" мен глазголық "Селтик" командалары арасында өтетін матчтың бас төрешісі анықталды деп хабарлайды Vesti.kz.