Жаңалықтар

Бүгін - Дүниежүзілік фотосурет күні

Жыл сайын 19 тамыз күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі фотосуретшілер Дүниежүзілік фотосурет күнін атап өтеді. Бұл мерекені 2009 жылы Корске Ара есімді австралиялық фотосуретші бекітті. Мерекенің датасы кездейсоқ таңдалған жоқ: 1839 жылдың 9 тамызы күні француз суретшісі, химик және өнертапқыш Луи Дагер Францияның ғылым академиясына дагеротипті процесті - жарыққа сезімтал металл пластинкадан кескінді алуды ұсынды. Ал 19 тамыз күні Франция үкіметі оның өнертабысын «әлемге тарту» деп жариялады. Дагеротипия фотоға түсірудің алғашқы тәжірибелік әдісі болып табылады. Оны 1822 жылы француз өнертапқышы Жозеф Ньепсон ойлап тапты, бірақ дәл Дагердің көмегімен фотосурет кескінін алудың бұл әдісі бүкіл әлемге танымал болды. Дагеротипияның орнын көп ұзамай коллодионнды процесс басты, дегенмен, дәл осы әдіс қазіргі фотосуреттердің негізін қалаушы саналады. 2009 жылы австралиялық фотосуретші Корске Ара 19 тамыз күні Дүниежүзілік фотосурет күнін атап өтуді ұсынды. worldphotoday.org сайты іске қосылып, онда бір жылдан кейін жаһандық онлайн галерея ашылды. ҚазАқпарат.
19.08.2013 03:24 2892

Жыл сайын 19 тамыз күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі фотосуретшілер Дүниежүзілік фотосурет күнін атап өтеді.

Бұл мерекені 2009 жылы Корске Ара есімді австралиялық фотосуретші бекітті. Мерекенің датасы кездейсоқ таңдалған жоқ: 1839 жылдың 9 тамызы күні француз суретшісі, химик және өнертапқыш Луи Дагер Францияның ғылым академиясына дагеротипті процесті - жарыққа сезімтал металл пластинкадан кескінді алуды ұсынды. Ал 19 тамыз күні Франция үкіметі оның өнертабысын «әлемге тарту» деп жариялады.

Дагеротипия фотоға түсірудің алғашқы тәжірибелік әдісі болып табылады. Оны 1822 жылы француз өнертапқышы Жозеф Ньепсон ойлап тапты, бірақ дәл Дагердің көмегімен фотосурет кескінін алудың бұл әдісі бүкіл әлемге танымал болды. Дагеротипияның орнын көп ұзамай коллодионнды процесс басты, дегенмен, дәл осы әдіс қазіргі фотосуреттердің негізін қалаушы саналады.

2009 жылы австралиялық фотосуретші Корске Ара 19 тамыз күні Дүниежүзілік фотосурет күнін атап өтуді ұсынды. worldphotoday.org сайты іске қосылып, онда бір жылдан кейін жаһандық онлайн галерея ашылды.

ҚазАқпарат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға