Аталмыш киноның түсірілім жұмыстары осы жылдың күзінде қолға алынбақшы. Entertainment Wise таратқан ақпарат бойынша, Адельге тыңшының рөлін сомдау бұйырып тұрған сыңайлы. Алайда, бұл ақпараттың рас-өтірігі туралы әнші де, режиссер де ештеңе деген жоқ.
Британдық орындаушының осы уақытқа дейін телеэкран алдында біраз тәжірибесі барын айта кеткеніміз жөн. Ол "Көріксіз" деп аталатын фильмде өз-өзін ойнаған болатын. Сондай-ақ, "Агент 007. Координаттар. "Скайфол" туындысына арнап "allSkyfall " әнін жаздыртты.
Мақпал ЖҰМАШОВА
Британдық әнші Адель Метью Вон қолға алатын "Құпия қызмет" фильміне шақырту алды. Бұл режиссер осы уақытқа дейін "Х адамдар" туындысын шығарған болатын деп жазады glamurchik.tochka.net.