Жаңалықтар

Географиясы. Тарихы

Географиясы   Маңғыстау өңірі – Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі. Облыстың шеткі нүктелері: Батыс - Каспий теңізіндегі Құлалы аралы ш.б. Шығыс Қазақстанның Ақтөбе облысы және Өзбекстан, Маңғыстаудың шектескен жерінде Оңтүстік - Түркіменстан шекарасындағы Қапыланқыр шыңдарының жар қабағы Солтүстік - Атырау облысымен шкарадағы Желтау болып табылады. Маңғыстау облысының ең биік нүктесі - Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы (). Ең төменгі нүктесі Қарақия немесе Батыр ойысының түбі (), Бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүниежүзінде бесінші орын алады. Жер бедері Облыс көлемінің бедері әр түрлі. Солтүстік жартысын Желтау (221 м), Мың-суалмас (148 м) және құм алқабы (Қарақұм, Сам және басқалар), көлемді сор (Өліқолтық, Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу және басқа) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий жағалауы алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау (Ақтау, Қаратау 556 м) таулары, Маңғыстау үстірті жәнеТМД дағы ең терең ойпат (-132 м.) Қарақия ойпаты орналасқан Маңғыстау түбегі алып жатыр. Оңтүстік батысында Кендірлі-Қаясан үстірті орналасқан, оңтүстігінде - Қарынжарық ойпаты. Облыстың шығысын Үстірт шоқысы алып жатыр. Тарихы   Маңғыстау облысы Маңғыстау түбегінде орналасқан. Облыстың атауы географиялық орналасуына байланысты берілген. Маңыстау туралы алғашқы деректер 950-960 жылдар шамасында мұсылман авторы Мұқаддасидің шығармасындағы хазарлардың Джурджан жағындағы шкарасы Бенкишлах деген қала атауы болған. Маңғышлақ атауы аталған Махмұт Қашқаридың Түрік сөздігі еңбегінде жазылған дерек 1070жылдап шамасында болған. Маңғыстау туралы алғашқы жазба дерек 922 жылы Бағдадтан Еділ Бұлғармясына барған араб елшісі Ахмед ибн Фадлан Хорезмде болып, одан әрі Үстірт үстімен жалғастырып, жолшыбай 4 наурызда оғыз еліне жетеді. Жолда өткізген уақыттың қысқалығына қарағанда бұл мекен Бейнеу мен Жылыой аударндарының аралығында болған. Ибн Фадлан "Ар Рисале" атты еңбегінде оғыздар туралы біраз ақпарат келтірген. Ұлы жібек долының бір тармағы Маңғыстау жерінен өткен, негізгі керуен жолдары ретінде Хазардан Хорезмге дейінгі жолдар пайдаланылған. Уикипедия
11.08.2013 13:29 9707

Географиясы
 

Маңғыстау өңірі – Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарымен шектеседі.

Облыстың шеткі нүктелері:

  • Батыс - Каспий теңізіндегі Құлалы аралы ш.б.
  • Шығыс Қазақстанның Ақтөбе облысы және Өзбекстан, Маңғыстаудың шектескен жерінде
  • Оңтүстік - Түркіменстан шекарасындағы Қапыланқыр шыңдарының жар қабағы
  • Солтүстік - Атырау облысымен шкарадағы Желтау болып табылады.

Маңғыстау облысының ең биік нүктесі - Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы (). Ең төменгі нүктесі Қарақия немесе Батыр ойысының түбі (), Бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүниежүзінде бесінші орын алады.

Жер бедері

Облыс көлемінің бедері әр түрлі. Солтүстік жартысын Желтау (221 м), Мың-суалмас (148 м) және құм алқабы (Қарақұм, Сам және басқалар), көлемді сор (Өліқолтық, Қайдақ, Қаратүлей, Қаракешу және басқа) және Бозашы түбегі орналасқан Каспий жағалауы алып жатыр. Орталық бөлігін Маңғыстау (Ақтау, Қаратау 556 м) таулары, Маңғыстау үстірті жәнеТМД дағы ең терең ойпат (-132 м.) Қарақия ойпаты орналасқан Маңғыстау түбегі алып жатыр. Оңтүстік батысында Кендірлі-Қаясан үстірті орналасқан, оңтүстігінде - Қарынжарық ойпаты. Облыстың шығысын Үстірт шоқысы алып жатыр.

Тарихы
 

Маңғыстау облысы Маңғыстау түбегінде орналасқан. Облыстың атауы географиялық орналасуына байланысты берілген. Маңыстау туралы алғашқы деректер 950-960 жылдар шамасында мұсылман авторы Мұқаддасидің шығармасындағы хазарлардың Джурджан жағындағы шкарасы Бенкишлах деген қала атауы болған. Маңғышлақ атауы аталған Махмұт Қашқаридың Түрік сөздігі еңбегінде жазылған дерек 1070жылдап шамасында болған.

Маңғыстау туралы алғашқы жазба дерек 922 жылы Бағдадтан Еділ Бұлғармясына барған араб елшісі Ахмед ибн Фадлан Хорезмде болып, одан әрі Үстірт үстімен жалғастырып, жолшыбай 4 наурызда оғыз еліне жетеді. Жолда өткізген уақыттың қысқалығына қарағанда бұл мекен Бейнеу мен Жылыой аударндарының аралығында болған. Ибн Фадлан "Ар Рисале" атты еңбегінде оғыздар туралы біраз ақпарат келтірген.

Ұлы жібек долының бір тармағы Маңғыстау жерінен өткен, негізгі керуен жолдары ретінде Хазардан Хорезмге дейінгі жолдар пайдаланылған.

Уикипедия

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға