Жаңалықтар

«Шахтер» келесі раунда кіммен кездесуі мүмкін?

Қарағандылық "Шахтер" командасының Чемпиондар Лигасының квалификациялық ақтық раундында бақ сынасуы мүмкін қарсыластарының бестігі анықталды деп хабарлайды vesti.kz. Әзірше болжам жасалынған "бестіктің" қатарында швейцариялық "Базель", шотландиялық "Селтик", румыниялық "Стяуа", чехиялық "Виктория Пльзень" және Хорватияның "Динамо Загреб" командалары бар. Бесеуі де осал емес. "Базель" үшінші квалификациялық раундта израильдік "Маккабиді" ұтса, "Селтик" шведтік "Эльфсборгті" жеңген болатын. Ал "Сятуа" турнирде тбилисилік "Динамодан" басым түсті. Чехияның "Виктория Пльзень" клубы эстондық "Нымме Кальюді", "Динамо Загреб" болса, молдавиялық "Шерифті" басып озды. "Шахтердің" нақты қарсыласы ертең Швейцарияның Ньон қаласында өтетін жеребе тастау барысында анықталады. BNews.kz
08.08.2013 09:33 2789

Қарағандылық "Шахтер" командасының Чемпиондар Лигасының квалификациялық ақтық раундында бақ сынасуы мүмкін қарсыластарының бестігі анықталды деп хабарлайды vesti.kz.

Әзірше болжам жасалынған "бестіктің" қатарында швейцариялық "Базель", шотландиялық "Селтик", румыниялық "Стяуа", чехиялық "Виктория Пльзень" және Хорватияның "Динамо Загреб" командалары бар.
Бесеуі де осал емес. "Базель" үшінші квалификациялық раундта израильдік "Маккабиді" ұтса, "Селтик" шведтік "Эльфсборгті" жеңген болатын. Ал "Сятуа" турнирде тбилисилік "Динамодан" басым түсті. Чехияның "Виктория Пльзень" клубы эстондық "Нымме Кальюді", "Динамо Загреб" болса, молдавиялық "Шерифті" басып озды.
"Шахтердің" нақты қарсыласы ертең Швейцарияның Ньон қаласында өтетін жеребе тастау барысында анықталады.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға