Су жыртқышын тапқан жиырма жасар Брэндон Санчес есімді бозбала. Ол достарымен метромен келе жатқан сәтінде жағымсыз иісті сезгендігін айтады. "Тіпті, Нью-Йорктен бұрын-соңды мұндай сасық иісті сезген емеспін" дейді Санчес таңданысын жасыра алмай.
Ұзындығы 1 метр болатын акула вагон ішіндегі орындық астында жатқан. Кейінірек белгілі болғаны, жолаушылардың бірі оны дүкеннен сатып алып, жұртты қорқыту үшін тастап кетіпті. Метро басшылығы бұрын-соңды мұндай жайттың болмағандығын айтуда, деп жазады Baq kz.
Нью-Йорк метросында жолаушылардың бірі вагон ішінен өлі акула тауып алды. Бұл жайында NYPost хабарлайды.