Қазақстандық баскетболшылар Азия чемпионатында Ираннан жеңіліп қалды

Баскетболдан Қазақстанның ерлер құрамасы Азия чемпионатында бірнеше рет жеңіліс тапты. Бүгін команда Ираннан 53:85 есебімен жеңілді, деп хабарлады Sports.kz. 

Маттео Боничиолли командасының құрамында Рустам Яргалиев 14 ұпаймен үздік атанды. Виталий Лапченко және Тимур Сұлтанов 8 ұпайға, Дмитрий Климов 7 ұпайға, Николай Бажин 6 ұпайға, Александр Жигулин және Антон Пономарев 5 ұпайға ие болды.

Бұғанға дейін қазақстандықтар үш жеңістен кейін Қытай мен Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалған болатын.

bnews.kz

Оқи отырыңыз