Қызыққа толы бағдарлама барысында жанды дауыстағы концерт, конференциялар, тақырыпқа байланысты көрмелер, би кештері, фильмдер көрсетілімі, сабақтар мен сайыстар өтеді.
Өткен жылы 200-ден астам тегін көрсетілім болып, оған әлемнің 32 елінен 487 жұп қатысқан. Бұл шараны тамашалауға жарты миллионға жуық адам жиылған.
ҚазАқпарат.
Тамыздың 14-27 аралығында Буэнос-Айресте 11-ші танго фестивалі өтеді. Бұл мерекеге жыл сайын би өнерінің әуесқойлары мен кәсіби бишілер көптеп жиналады.