Мадонна құпия жобаны қолға алды

Мадонна "құпия жобасының" екінші трейлерін жарыққа шығарды деп жазады apelzin.ru.  Поп-патшайымы Стивен Кляйнмен бірігіп, тың дүние жасау үстінде.  

Бейнероликтен модель жігіттерді түсірген Мадонна: "Мен адамдардың күн өткен сайын бір-бірінен қорқатынын түсініп келемін. Олар алға жылжыған уақытпен бірге сабырлылықтарын да жоғалтып барады" дейді.  

Әзірге әртістің нақты қандай жобаны қолға алғаны белгісіз. Тек бір белгілісі, ол #secretproject хэштегімен Твиттердегі парақшасында тыңдармандарының қызығушылығын оятуда.

Белгілі фотограф Стивен Кляйн бұған дейін де Мадоннамен әріптестік байланыста болып, Confessions және Sticky & Sweet турларын ұйымдастыруға көмектескен болатын. Сондай-ақ, ол Леди Гаганың Alejandro, Рианнаның Armani брендіне арналған жарнама роликтерін түсірді. 

Мақпал ЖҰМАШОВА.

Оқи отырыңыз