Жаңалықтар

"Бауыр" фильмі халықаралық Венеция кинофестиваліне қатысады

Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі халықаралық 70-ші Венеция кинофестиваліне қатысады, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.  2012 жылы Дәрежан Өмірбаевтың Канн кинофестиваліне қатысқан «Студент» фильмінен , Эмир Бағазиннің Берлинале кинофестиваліне қатысып «Күміс аюды» жеңіп алған «Үндестік сабақтарынан» кейін, қазақ киносын әлемге таныту бақыты «Бауыр» фильміне бұйырып тұр.    Халықаралық кинофестивальдердің ішінде «А» бөліміне кіретін ежелгі әрі ең беделді үштіктің қатарындағы Венеция кинофестивалі үстіміздегі жылдың 28 тамыз бен 7 қыркүйек аралағында өтеді.Бұл фестивалге қазақ киносы осыдан 18 жыл бұрын алғаш рет Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» фильмімен қатысып, ЮНЕСКО-ның жүлдесін жеңіп алған болатын.    Биыл фестивальге қатысуға әлемнің 60 елінен, 4500 өтініш келіп түскен.     Фестивальдің 17 фильм көрсетілетін «Көкжиек» бағдарламасына Серік Апрымовтың туындысымен қатар француз режиссері Робин Кампилло, шевед режиссері Лукас Мудиссон, жапон режиссері Сион Соно, италияндық режиссер Уберто Пазолини қатысады.     Мерейтойлық 70-ші Венеция кинофестивалінің жеңімпаздары 2013 жылдың 7 қыркүйегінде жарияланатын болады. бақ.кз
26.07.2013 08:20 2831

Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі халықаралық 70-ші Венеция кинофестиваліне қатысады, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі. 

2012 жылы Дәрежан Өмірбаевтың Канн кинофестиваліне қатысқан «Студент» фильмінен , Эмир Бағазиннің Берлинале кинофестиваліне қатысып «Күміс аюды» жеңіп алған «Үндестік сабақтарынан» кейін, қазақ киносын әлемге таныту бақыты «Бауыр» фильміне бұйырып тұр.

   Халықаралық кинофестивальдердің ішінде «А» бөліміне кіретін ежелгі әрі ең беделді үштіктің қатарындағы Венеция кинофестивалі үстіміздегі жылдың 28 тамыз бен 7 қыркүйек аралағында өтеді.Бұл фестивалге қазақ киносы осыдан 18 жыл бұрын алғаш рет Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» фильмімен қатысып, ЮНЕСКО-ның жүлдесін жеңіп алған болатын.
   Биыл фестивальге қатысуға әлемнің 60 елінен, 4500 өтініш келіп түскен. 
   Фестивальдің 17 фильм көрсетілетін «Көкжиек» бағдарламасына Серік Апрымовтың туындысымен қатар француз режиссері Робин Кампилло, шевед режиссері Лукас Мудиссон, жапон режиссері Сион Соно, италияндық режиссер Уберто Пазолини қатысады. 
   Мерейтойлық 70-ші Венеция кинофестивалінің жеңімпаздары 2013 жылдың 7 қыркүйегінде жарияланатын болады.

бақ.кз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға