«Қазақстанда бедеу отбасы проблемасы бар. Отбасында баланың болмауын ажырасудың жиі себептерінің бірі ретінде атауға болады. Біз өз тарапымыздан қыздардың денсаулығын күтуге арналған іс-шаралар өткізіп тұрамыз. Биыл Президенттің Жолдауын жүзеге асыру мақсатында бірқатар лекциялар өткізу жоспарлануда», - деп хабарлады З.Қодар.
Оның сөзіне қарағанда, Алматыда 13 экстракорпоралды ұрықтандыру орталығы (ЭКО) жұмыс істейді, оның екеуі – мемлекеттік.
bnews.kz
Қазақстанда бедеу отбасылардың саны бүгінде 16-17%-ды құрап отыр және ол ажырасуға анағұрлым жиі себеп болады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияға қарасты сарапшылық комиссияның мүшесі Замза Қодар хабарлады.