Ханзада Уэльский Чарлз дүниеге немересінің келгеніне қуанышты екенін жасырмады. «Мен өзімнің ата атанғанымды мақтан етемін және өте жақын арада немеремді көремін деген үміттемін», - деген ханзаданың сөзін келтіреді интернет-БАҚ.
Герцог пен герцогиня болса, әзірге тақ мұрагерінің есімін қалай қоятынын шешпепті. «Біз бұл туралы әлі ойланып жатырмыз», - деді ханзада Уильям журналистерге.
ҚазАқпарат.
Кембридж герцогі мен герцогиня Лондондағы әулие Мария ауруханасынан шығар алдында әлемге өздерінің жаңа туған ұлдарын, болашақ тақ мұрагерін көрсету үшін фотографтар мен операторлардың алдына шықты.