Жаңалықтар

Қазақ футболшысы Қытайдың Олимпиадалық құрамына кірді

Қытай Республикасының Футболдан олимпиадалық құрамына тұңғыш рет қазақ футболшысы кірді. Қытайдың үлкен құрамасына мүше болып енген қандасымыздың есімі - Ержет Ерзатұлы. 1993 жылы Шыңжаңда дүниеге келген қазақ азаматы ең алғаш Шыңжаңдағы белгілі Сұң Чиңлиң футбол мектебінен тәлім алған. Ол «Шыңжаң» командасына кіргеннен кейін бір қанша рет елімізде өткен Президент кубогы жолындағы футбол додасында шеберлігін байқатқан болатын. Қағілез қақпашы да бола білген Ержеттің бойы 180 см, салмағы 70 келі екен. Ол қазіргі кезде «Шыңжаң Хайтаң» клубында ойнайды. Baq.kz
24.07.2013 04:11 2260

Қытай Республикасының Футболдан олимпиадалық құрамына тұңғыш рет қазақ футболшысы кірді.

Қытайдың үлкен құрамасына мүше болып енген қандасымыздың есімі - Ержет Ерзатұлы. 1993 жылы Шыңжаңда дүниеге келген қазақ азаматы ең алғаш Шыңжаңдағы белгілі Сұң Чиңлиң футбол мектебінен тәлім алған. Ол «Шыңжаң» командасына кіргеннен кейін бір қанша рет елімізде өткен Президент кубогы жолындағы футбол додасында шеберлігін байқатқан болатын.

Қағілез қақпашы да бола білген Ержеттің бойы 180 см, салмағы 70 келі екен. Ол қазіргі кезде «Шыңжаң Хайтаң» клубында ойнайды.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға