Жаңалықтар

Уақыт. Осы бір сөзде қаншама мән-мағына жатыр

Уақыт. Осы бір сөзде қаншама мән-мағына жатыр. Қайда барсаң да, қай жерді араласаң да заман талабына сай өркен жайған өрісті істердің үстіне түсесің. Әсіресе еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетуді өзінің стратегиялық бағыты етіп қойып отырған қазіргі кезеңдегі уақыт ерекшелігі тіпті ерекше. Қалада да, ауылда да үлкен серпіліс, болашақта тындырылар зор істерге деген үрдіс құлшыныс байқалады. Село демекші, ғылыми-техникалық прогресс ауыл қызметкерлерінің күнделікті тіршілігіне мықтап енген қазіргі заманда «шалғайдағы ауыл», «қиян түкпір» деген сөз орамдарын тілге тиек етудің өзі ыңғайсыз. Өйткені кез келген елді мекен аудан, облыс орталықтарымен ұшақ, автобус қатынастары арқылы, почта, телеграф, телефон арқылы тығыз байланыс жасайды. Ауыл адамдарының да оқыған-тоқығаны мол, рухани дүниесі бай, талғамы күшті. Олар күн сайын радио тыңдап, теледидар көреді, әлемнің әр түкпіріндегі нешетүрлі жаңалықты заматта біліп отырады. Мерзімді баспасөзді қалт жібермей қадағалайды, кітап оқып, ой-өрісін кеңейтеді. Біз ат басын тіреген Жангелдин ауданы – тарихи оқиғаларға бай өлке. Мұнда есімі аңызға айналған халық батыры Амангелді Иманов ұлт-азаттық көтерілісін бастаған. Дала комиссары, жалынды күрескер Әліби Жангелдиннің туып, өскен жері де, халқымыздың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің білім қоңырауын қаққан мекені де осы. Жангелдин ауданы негізінен мал шаруашылығымен, оның ішінде қой шаруашылығымен айналысады. Соңғы жылдары мемлекетке ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу жоспарлары асыра орындалды. Қазіргі кезде аудандағы қой саны 383613-ке, ірі қара 25114-ке, жылқы 6366-ға жетті. Мемлекетке астық тапсыру жоспары 163, ет – 109, сүт – 114 және жүн – 103 пайызға орындалды. Денсаулық сақтау, халық ағарту, мәдениет, тұрмыстық қызмет, әлеуметтік қамсыздандыру салалары дами түсті. - Мұнда пәлендей құпия жоқ, - дейді аудан басшысы М. Айсин. – Біздің қоғамда бәрі де адам үшін, адамның игілігі үшін жасалады. Сондықтан не істесек те, аудан экономикасының ыңғайына қарай қандай мәселені талқыласақ та, адамға деген қамқорлық әрдайым көкейімізде тұрады. Малшы қауымның еңбегі мен тұрмыс жағдайына үнемі қамқорлық жасау – біздің барлық табыстарымыздың қайнары. Бұл сөздердің растығына аудан шаруашылықтарын аралаған сапарымызда көз жеткіздік. Мұнда адамға, оның еңбегі мен тұрмысының неғұрлым мәнді, мазмұнды болуына тиісінше қамқорлық жасалып келеді.
23.07.2013 04:43 3401

Уақыт. Осы бір сөзде қаншама мән-мағына жатыр. Қайда барсаң да, қай жерді араласаң да заман талабына сай өркен жайған өрісті істердің үстіне түсесің. Әсіресе еліміз әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдетуді өзінің стратегиялық бағыты етіп қойып отырған қазіргі кезеңдегі уақыт ерекшелігі тіпті ерекше. Қалада да, ауылда да үлкен серпіліс, болашақта тындырылар зор істерге деген үрдіс құлшыныс байқалады.

Село демекші, ғылыми-техникалық прогресс ауыл қызметкерлерінің күнделікті тіршілігіне мықтап енген қазіргі заманда «шалғайдағы ауыл», «қиян түкпір» деген сөз орамдарын тілге тиек етудің өзі ыңғайсыз. Өйткені кез келген елді мекен аудан, облыс орталықтарымен ұшақ, автобус қатынастары арқылы, почта, телеграф, телефон арқылы тығыз байланыс жасайды. Ауыл адамдарының да оқыған-тоқығаны мол, рухани дүниесі бай, талғамы күшті. Олар күн сайын радио тыңдап, теледидар көреді, әлемнің әр түкпіріндегі нешетүрлі жаңалықты заматта біліп отырады. Мерзімді баспасөзді қалт жібермей қадағалайды, кітап оқып, ой-өрісін кеңейтеді.

Біз ат басын тіреген Жангелдин ауданы – тарихи оқиғаларға бай өлке. Мұнда есімі аңызға айналған халық батыры Амангелді Иманов ұлт-азаттық көтерілісін бастаған. Дала комиссары, жалынды күрескер Әліби Жангелдиннің туып, өскен жері де, халқымыздың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің білім қоңырауын қаққан мекені де осы.

Жангелдин ауданы негізінен мал шаруашылығымен, оның ішінде қой шаруашылығымен айналысады. Соңғы жылдары мемлекетке ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу жоспарлары асыра орындалды. Қазіргі кезде аудандағы қой саны 383613-ке, ірі қара 25114-ке, жылқы 6366-ға жетті. Мемлекетке астық тапсыру жоспары 163, ет – 109, сүт – 114 және жүн – 103 пайызға орындалды. Денсаулық сақтау, халық ағарту, мәдениет, тұрмыстық қызмет, әлеуметтік қамсыздандыру салалары дами түсті.

- Мұнда пәлендей құпия жоқ, - дейді аудан басшысы М. Айсин. – Біздің қоғамда бәрі де адам үшін, адамның игілігі үшін жасалады. Сондықтан не істесек те, аудан экономикасының ыңғайына қарай қандай мәселені талқыласақ та, адамға деген қамқорлық әрдайым көкейімізде тұрады. Малшы қауымның еңбегі мен тұрмыс жағдайына үнемі қамқорлық жасау – біздің барлық табыстарымыздың қайнары.

Бұл сөздердің растығына аудан шаруашылықтарын аралаған сапарымызда көз жеткіздік. Мұнда адамға, оның еңбегі мен тұрмысының неғұрлым мәнді, мазмұнды болуына тиісінше қамқорлық жасалып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға