Жарыс кезінде тәттіден дәм татқан «Тур де Франс» көшбасшысына айыппұл салынды

«Тур де Франс» көпкүндік жарысының 18-ші кезеңі аяқталысымен Sky құрамасының өкілі британдық Крис Фрумға 20 секундқа айыппұл салынды.

Төрешілердің бұл шешіміне тамақтану ережелерінің бұзылуы себеп болған. Мәре сызығына 5 шақырым қалған кезде осы кезеңде 7-ші нәтиже көрсеткен және жалпы есепте көшбасшылықты сақтаған Фрум энергетикалық батончиктен дәм татқан.

Талап бойынша мәре сызығына 20 шақырым қалғанда тамақ жеуге тиым салынады.

ҚазАқпарат.

Оқи отырыңыз