ЕХРО – 2017 Халықаралық көрмесі сәтті өтеді. Парижде өткен брифинг кезінде ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев осындай сенімділік білдірді.
Негізінен, оный айтуынша, ЕХРО – 2017 көрмесін Астанада өткізу Қазақстанды экономикалық және индустриялды-инновациялық дамудың жаңа сапалы сатысына алып шығады.
«Қазақстан өзінің әлемдік қауымдастықтар үшін ашық мемлекет екенін білдіруде. ХХІ ғасырда еліміздің тәуелсіздігінің 21 жылдығы қарсаңында ЕХРО-ны Астанада өткізу туралы шешім Мемлекет басшысы басшы боп отырған біздің еліміздің, біздің халқымыздың қол жеткізген жетістіктерін мойындауы», – деді Әбибуллаев.
ОКҚ-ның ресми өкілі астананы аталған айрықша шараға дайындалу бойынша Қазақстанды үлкен жұмыс күтіп тұрғанын ерекше атап өтті.
«Соңғы 15 жыл ішіндегі Астананың даму деңгейі бізге Еуразия кіндігінде «ЕХРО – 2017»-ні сәтті ұйымдастыруға нық сенімділік береді», – деді А.Әбибуллаев.
А.Әбибуллаев: Біз ЕХРО – 2017-нің сәтті ұйымдастырылатынына сенімдіміз
Оқи отырыңыз
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?