Kyodo агенттігінің дипломатиялық ортадағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, 55 жастағы Кэролайн Кеннедиді тағайындау туралы ресми мәлімдеме таяу уақыттарда жасалмақ.
Тағайындау алдында оның кандидатурасын АҚШ Конгресі бекітуі тиіс. Қазіргі кездегі АҚШ-тың Жапониядағы елшісі - Джон Рус.
ҚазАқпарат.
АҚШ-тың экс-президенті Джон Кеннедидіің қызы тарихта тұңғыш рет АҚШ-тың Жапониядағы әйел-елшісі болмақшы, деп хабарлады Росбалт.