Әкесінің смартфонымен ойнап отырған сәби бірнеше сілтемені басқаннан кейін 225 долларға Austin Healey машинасын сатып алған. Бұл жайында электронды хат келгеннен кейін хабардар болған қыздың ата-анасы көліктен бас тартқан жоқ. Тіпті қыздың әкесі ретроавтомобильді қайта қалпына келтіру үшін қаржы жинауға да кірісіп кеткен. «Қызым 38 мың долларға Porsche сатып алмағанына қуаныштымын», - деген ол аталған көлікті қызы 16 жасқа толғаннан кейін сыйға тартпақ ойы бар екендігін айтып отыр.
ҚазАқпарат.
АҚШ-та бір жастағы қыз интернет бәссаудадан ретроавтомобиль сатып алды, деп хабарлайды Утро.ру.