Жаңалықтар

Н.Назарбаев қазақстандықтарды Астананың ЕХРО – 2017-ні өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парижде журналистердің алдында сөйлеген сөзінде қазақстандықтарды Астананың ЕХРО – 2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Мен сіздерге жаңа ғана анық болған үлкен қуанышты жаңылықты жеткізгім келеді, біздің еліміз кезекті үлкен жеңіске қол жеткізді. Дауыс беру көрсеткендей, 148 елдің қатысқанын, біз 103 дауысқа ие болып, Льеж қаласын жеңдік. Осылайша Қазақстан ауқымды шараларды өткізе алатын ел ретінде тағы да мойындалды. Бұл Қазақстан үшін зор міндет, үлкен қуаныш, себебі жүздеген елдердің өкілдері келеді бізге. Олар көрмеде өз павильондарын салуға кіріседі, әрине, негізгі міндет біздің мойнымызда, олар салып, оның бәрі кейін бізге қалады», - деді Мемлекет басшысы.  Дереккөзі: www.bnews.kz.
22.11.2012 18:55 2715

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парижде журналистердің алдында сөйлеген сөзінде қазақстандықтарды Астананың ЕХРО – 2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Мен сіздерге жаңа ғана анық болған үлкен қуанышты жаңылықты жеткізгім келеді, біздің еліміз кезекті үлкен жеңіске қол жеткізді. Дауыс беру көрсеткендей, 148 елдің қатысқанын, біз 103 дауысқа ие болып, Льеж қаласын жеңдік. Осылайша Қазақстан ауқымды шараларды өткізе алатын ел ретінде тағы да мойындалды. Бұл Қазақстан үшін зор міндет, үлкен қуаныш, себебі жүздеген елдердің өкілдері келеді бізге. Олар көрмеде өз павильондарын салуға кіріседі, әрине, негізгі міндет біздің мойнымызда, олар салып, оның бәрі кейін бізге қалады», - деді Мемлекет басшысы. 

Дереккөзі: www.bnews.kz.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға