Жаңалықтар

Оралда Астана күніне арналған мерекелік концерт қойылды

Орал қаласындағы орталық Абай алаңында «Бойтұмары елімнің, арман қала Астана» атты концерттік бағдарлама қойылды. Ақ Жайық жұртшылығын елорда күнімен облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов құттықтап, мерекелік лебізін білдірді. Бұдан кейін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі (көркемдік жетекшісі және бас дирижері - мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Еркін Нұрымбетов) Құрманғазының «Сарыарқа», Дәулеткерейдің «Құдаша» күйлерін орындады. Оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қанатқали Қожақов Е.Үсеновтің «Астана» (сөзін жазған Н.Айтұлы), Дария Бақытова мен Дастан Есентеміров Н.Тілендиевтің «Өз елім», Жаңылсын Хасанова мен Еркін Өтегенов Е.Нұрымбетовтің «Асқақтай бер, Астана» (сөзі Ғ.Сейтақтікі) әнін шырқады. Бұдан кейін де туған ел, Астана туралы әндерге кезек берілді. Күй шалқып, жыр оқылып, би биленді. Дереккөз: ҚазАқпарат
07.07.2013 07:31 5235

Орал қаласындағы орталық Абай алаңында «Бойтұмары елімнің, арман қала Астана» атты концерттік бағдарлама қойылды.

Ақ Жайық жұртшылығын елорда күнімен облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов құттықтап, мерекелік лебізін білдірді.

Бұдан кейін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі (көркемдік жетекшісі және бас дирижері - мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Еркін Нұрымбетов) Құрманғазының «Сарыарқа», Дәулеткерейдің «Құдаша» күйлерін орындады. Оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қанатқали Қожақов Е.Үсеновтің «Астана» (сөзін жазған Н.Айтұлы), Дария Бақытова мен Дастан Есентеміров Н.Тілендиевтің «Өз елім», Жаңылсын Хасанова мен Еркін Өтегенов Е.Нұрымбетовтің «Асқақтай бер, Астана» (сөзі Ғ.Сейтақтікі) әнін шырқады. Бұдан кейін де туған ел, Астана туралы әндерге кезек берілді. Күй шалқып, жыр оқылып, би биленді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға