Жаңалықтар

Азиада-2013: А.Кравченко мен Э. Айғалиева - жеңімпаз

Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан төртінші жабық алаңдағы және жекпе жек түрлерінен Азия ойындарында Қазақстан үшінші күннің қорытындысы бойынша жалпы есепте үшінші орынға шықты. Бәсекенің бұл күні спортшыларымыз екі алтын мен үш қола еншіледі.  Компьютерлік ойындар (е-спорт) бойынша өткен сында қазақстандық Александр Кравченко Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол финалда өзбек Сардорбек Абдуллаевты ұтты. Қола вьетнамдық Ие Ван Нгуенге бұйырды. Сондай-ақ қазақстандықтар бұл спорт бойынша командалық жарыстың қола жүлдесін иеленді. Алтын мен күміс Корея және Тайпейде.  Қысқа қашықтыққа жүзу сынында да қоржынымыз бос емес. 100 метрге баттерфляй әдісі бойынша жүзуде Элвира Айғалиева Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл қашықтықтың күмісі мен қоласы, тиісінше, кореялық Джинуонг Пак пен гонконгтық Сзе Ханг Юдің еншісінде.  Роман Трусов (ерлер арасында) мен Евгения Руденко (қыздар арасында) елу метрге кешенді жүзу бойынша, Александр Тарабарин шалқалап жүзуден қола жүлдеге ие болды, деп жазады «Аламан».
02.07.2013 03:54 2571

Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан төртінші жабық алаңдағы және жекпе жек түрлерінен Азия ойындарында Қазақстан үшінші күннің қорытындысы бойынша жалпы есепте үшінші орынға шықты.

Бәсекенің бұл күні спортшыларымыз екі алтын мен үш қола еншіледі.

 Компьютерлік ойындар (е-спорт) бойынша өткен сында қазақстандық Александр Кравченко Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол финалда өзбек Сардорбек Абдуллаевты ұтты. Қола вьетнамдық Ие Ван Нгуенге бұйырды. Сондай-ақ қазақстандықтар бұл спорт бойынша командалық жарыстың қола жүлдесін иеленді. Алтын мен күміс Корея және Тайпейде.

 Қысқа қашықтыққа жүзу сынында да қоржынымыз бос емес. 100 метрге баттерфляй әдісі бойынша жүзуде Элвира Айғалиева Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл қашықтықтың күмісі мен қоласы, тиісінше, кореялық Джинуонг Пак пен гонконгтық Сзе Ханг Юдің еншісінде.

 Роман Трусов (ерлер арасында) мен Евгения Руденко (қыздар арасында) елу метрге кешенді жүзу бойынша, Александр Тарабарин шалқалап жүзуден қола жүлдеге ие болды, деп жазады «Аламан».

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға