Жаңалықтар

Кейт Уинслет – Британ империясы орденінің иегері

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета белгілі киноактриса Кейт Уинслетке Британ империясының орденін тапсырды, деп хабарлайды Би-Би-Си телерадиокорпрорациясы.   Голливуд жұлдызы бұл сыйлықты киноматография саласын дамытуға қосқан үлесі үшін иеленіп отыр. Ресми деректер бойынша, Ұлыбританияның ең жоғары мемлекеттік наградаларының бірі болып табылатын орденнің биылғы иелерінің тізімі маусым айында белгілі болған. 21 қараша күні Букингем сарайында өткен салтанатты шарада аталған орденді Take That тобының мүшесі Гэри Барлоу мен скрипкашы Тасмин Литтл да патшайымның өз қолынан алу құрметіне ие болды. Актриса Кейт Уинслеттің есімі Джеймс Камеронның атақты «Титаник» картинасы («Titanic», 1997) арқылы көпшілікке кеңінен танымал. Бұл фильмде ол Леонардо Ди Каприомен бірге басты рөл – ақсүйектер қауымынан шыққан ару Розаны сомдап, 1998 жылы Америка Киноакамедиясының «Оскар» сыйлығына ие болды. Бұдан бөлек ол 2005 («Вечное сияние чистого разума» фильмінде), 2009 жылдары («Чтец») ең үздік әйел рөлдерін сомдағына үшін «Оскар» сыйлығын иеленген болатын.   Дереккөзі: www.ria.ru
22.11.2012 10:58 4911

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета белгілі киноактриса Кейт Уинслетке Британ империясының орденін тапсырды, деп хабарлайды Би-Би-Си телерадиокорпрорациясы.

 

Голливуд жұлдызы бұл сыйлықты киноматография саласын дамытуға қосқан үлесі үшін иеленіп отыр.

Ресми деректер бойынша, Ұлыбританияның ең жоғары мемлекеттік наградаларының бірі болып табылатын орденнің биылғы иелерінің тізімі маусым айында белгілі болған. 21 қараша күні Букингем сарайында өткен салтанатты шарада аталған орденді Take That тобының мүшесі Гэри Барлоу мен скрипкашы Тасмин Литтл да патшайымның өз қолынан алу құрметіне ие болды.

Актриса Кейт Уинслеттің есімі Джеймс Камеронның атақты «Титаник» картинасы («Titanic», 1997) арқылы көпшілікке кеңінен танымал. Бұл фильмде ол Леонардо Ди Каприомен бірге басты рөл – ақсүйектер қауымынан шыққан ару Розаны сомдап, 1998 жылы Америка Киноакамедиясының «Оскар» сыйлығына ие болды. Бұдан бөлек ол 2005 («Вечное сияние чистого разума» фильмінде), 2009 жылдары («Чтец») ең үздік әйел рөлдерін сомдағына үшін «Оскар» сыйлығын иеленген болатын.

 

Дереккөзі: www.ria.ru

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға