Жаңалықтар

Тұрар Рысқұл

Рысқұлұлы Тұрар – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткер, біртұтас Түркістан идеясының авторы. Ол 1894 жылы Жетісудың Талғар жерінде дүниеге келді. 1910 жылы орыс-қырғыз школын бітірген соң, Пішпек ауылшаруашылығы училищесіне түседі. Мұны 1914 жылы тәмамдайды. Бұдан кейін Әулиеатада түрлі жұмыс жасайды. 1916 жылы патшаның әскерге алуына қарсылық басталғанда, көтерілісшілер жағында болады. Ал, 1916-1917 жылдары Ташкенттегі оқытушылар институтында дәріс тыңдайды. Сол 1917 жылы Әулиеатада  “Бұхара” атты жастар ұйымын құрып, саясат ісіне араласады. Ақпан, қазан төңкерістеріне – қазақты бодандықтан құтқарушы ірі оқиға деп қарайды. 1918 жылы Әулиеата совдепі атқару комитетін басқарады. Сол жылы Түркістан республикасының Денсаулық сақтау комиссары қызметіне шақырылып, ОАК құрамына енеді. 1918-1920 жылдары Түркістан ОАК-і төрағасының орынбасары болып тағайындалады. Осы аралықта қосымша РК (б)П Мұсылман бюросының төрағасы болу жүктеледі. 1920 жылы 25 мамырда ОК пен В.И.Ленинге “Түркістан республикасының жағдайы” жөніндегі жобаны тапсырады. Мұнда саяси, қаржылық, әскери, территориялық тәуелсіздік мәселесі айтылған еді. Бұл шешім Орталық Комитеттің зәресін алады. Осыдан соң түрлі саяси алдаусырату шаралары жүргізіледі. 13 маусымда Ленин Рысқұлов жобасын негізсіз деп табады. 1920 жылы А.Байтұрсыновпен бірге Лениннің Комитерннің ІІ съезінің тезистеріне толықтырулар енгізеді. Осы жылы шілдеде  отставкаға шығарылады. Бірақ сәл үнсіздіктен кейін Мәскеу оны Ресей Федерациясы ұлттар мәселесі жөніндегі Халық комиссарының орынбасары етіп тағайындайды. 1920-1921 жылдары осы мекеменің Әзірбайжандағы өкілі, ал 1922 жылы қыркүйектен Түркістан ХКК төрағасы болады. Орталық дара қайраткерді М.Сұлтанғалиевпен пікірлес деп айыптады. З.У.Тоғанның жазуынша, ол 20-жылдардың басында шығысқа қарай жылжыған большевизмге қарсы бас көтерушілермен тұрақты байланыс жасап тұрған. 1922-1924 жылдары төраға қызметінде жүріп, Алаштың “Талап” ұйымына, қаламгерлеріне қамқорлық көрсетіп отырды. 1924 жылы Мәскеуге шақырылып, алғаш Коминтерннің Шығыс бөлімінің меңгерушісі, сонан соң Монғолиядағы өкілі болып тағайындалады. 1926 жылы Қазақстанға қызметке жіберілді. Алғаш өлкелік баспасөз бөлімінің меңгерушісі, сонан кейін  “Еңбекші қазақ” газетінің редакторы болды. Елімен тығыз байланысынан қорыққан жүйе оны 1926-1937 жылдары РФ ХКК төрағасының орынбасары қызметінде ұстады. Ақыры Германияға студенттер жіберіп, сонда барған бұрынғы сапары НКВД-ның назарына ілінді. Ол тоталитаризм үдеген 1937 жылы 21 мамырда Қырымда ұсталып, 1938 жылы 10 ақпанда нақақ атылды. Әдебиет: Рысқұлов Т. Собр. соч. в 3-х томах. Алматы, 1997-1998
01.07.2013 05:55 3821

Рысқұлұлы Тұрар – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткер, біртұтас Түркістан идеясының авторы. Ол 1894 жылы Жетісудың Талғар жерінде дүниеге келді. 1910 жылы орыс-қырғыз школын бітірген соң, Пішпек ауылшаруашылығы училищесіне түседі. Мұны 1914 жылы тәмамдайды. Бұдан кейін Әулиеатада түрлі жұмыс жасайды. 1916 жылы патшаның әскерге алуына қарсылық басталғанда, көтерілісшілер жағында болады. Ал, 1916-1917 жылдары Ташкенттегі оқытушылар институтында дәріс тыңдайды. Сол 1917 жылы Әулиеатада  “Бұхара” атты жастар ұйымын құрып, саясат ісіне араласады. Ақпан, қазан төңкерістеріне – қазақты бодандықтан құтқарушы ірі оқиға деп қарайды. 1918 жылы Әулиеата совдепі атқару комитетін басқарады. Сол жылы Түркістан республикасының Денсаулық сақтау комиссары қызметіне шақырылып, ОАК құрамына енеді. 1918-1920 жылдары Түркістан ОАК-і төрағасының орынбасары болып тағайындалады. Осы аралықта қосымша РК (б)П Мұсылман бюросының төрағасы болу жүктеледі. 1920 жылы 25 мамырда ОК пен В.И.Ленинге “Түркістан республикасының жағдайы” жөніндегі жобаны тапсырады. Мұнда саяси, қаржылық, әскери, территориялық тәуелсіздік мәселесі айтылған еді. Бұл шешім Орталық Комитеттің зәресін алады. Осыдан соң түрлі саяси алдаусырату шаралары жүргізіледі. 13 маусымда Ленин Рысқұлов жобасын негізсіз деп табады. 1920 жылы А.Байтұрсыновпен бірге Лениннің Комитерннің ІІ съезінің тезистеріне толықтырулар енгізеді. Осы жылы шілдеде  отставкаға шығарылады. Бірақ сәл үнсіздіктен кейін Мәскеу оны Ресей Федерациясы ұлттар мәселесі жөніндегі Халық комиссарының орынбасары етіп тағайындайды. 1920-1921 жылдары осы мекеменің Әзірбайжандағы өкілі, ал 1922 жылы қыркүйектен Түркістан ХКК төрағасы болады. Орталық дара қайраткерді М.Сұлтанғалиевпен пікірлес деп айыптады. З.У.Тоғанның жазуынша, ол 20-жылдардың басында шығысқа қарай жылжыған большевизмге қарсы бас көтерушілермен тұрақты байланыс жасап тұрған. 1922-1924 жылдары төраға қызметінде жүріп, Алаштың “Талап” ұйымына, қаламгерлеріне қамқорлық көрсетіп отырды. 1924 жылы Мәскеуге шақырылып, алғаш Коминтерннің Шығыс бөлімінің меңгерушісі, сонан соң Монғолиядағы өкілі болып тағайындалады. 1926 жылы Қазақстанға қызметке жіберілді. Алғаш өлкелік баспасөз бөлімінің меңгерушісі, сонан кейін  “Еңбекші қазақ” газетінің редакторы болды. Елімен тығыз байланысынан қорыққан жүйе оны 1926-1937 жылдары РФ ХКК төрағасының орынбасары қызметінде ұстады. Ақыры Германияға студенттер жіберіп, сонда барған бұрынғы сапары НКВД-ның назарына ілінді. Ол тоталитаризм үдеген 1937 жылы 21 мамырда Қырымда ұсталып, 1938 жылы 10 ақпанда нақақ атылды.

Әдебиет: Рысқұлов Т. Собр. соч. в 3-х томах. Алматы, 1997-1998

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға