Жаңалықтар

Оразайұлы Ахмет

Оразайұлы Ахмет – белгілі меценат, Алаш қозғалысын қолдаушы, «Қазақ» газетін шығаруға қаржылық көмек көрсеткен қайраткер. 1861 жылы Сырдария уезі Зіңкетер елді-мекенінде туған. Әкесі Оразай (1807-1898) - өңірге аты белгілі діндар, зиялы. Қайраткер жасынан әкесінен сауат алған. Кейін Бұхарада оқыған. Елге діни сауатты азамат болып оралып, Орталық Қазақстанмен шектес Сарысу, Телікөл маңайында мешіт, медресе салдырып, қазақ халқының білім дәрежесін көтеруге атсалысқан. 1881 жылы және 1883 жылы екі мәрте Мекеге қажылық сапарымен барған. Стамбұл, Қазан, Уфа, Шығыс мұсылман елдері қалаларынан ислам әдебиетін алдыртып, әр елдегі діни ғұламалармен байланыс жасап тұрған. Діни сауаты, рухани беделі, зиялылығы мен жалпы парасаты Ақмола, Торғай жұртшылығының аузында жүрген. Медреселерін жәдитшілдік жүйеге құрып, Қырым татарынан шыққан қайраткер Исмаил Ғаспыралының ағартушылық идеясын қатты қолдаған. Мысалы, Ахмет ишан медресесіне шақыртқан мүдәрис И.Сайфуддин – осындай жәдитшіл оқыған еді. Торғай уезі Қызылшеңгел болысында тұрып жатқан қайраткер 1906-1914 жылдарда Ресей қалаларында өткен Мұсылмандар съезіне қатыса алмаса да, оның шешімдерін сараптап, өз бетімен ізденіске толы жұмыстар істеген. 10-жылдардың басында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы сынды жаңашыл қайраткерлермен танысып, ұлтты ояту күресіне - Алаш қозғалысына ниеттес екенін білдіреді. Алаш зиялылары қазақ байлары мен оқыған-діндарларының жаңа жағдайдағы азаматтық ұстанымы қандай болу қажеттігін айтады. Ишан жиған барлық қаржысын және пікірлестерінің де қаржысын саяси газет шығару үшін жұмсауға әзір екенін жеткізеді. Сөйтіп А.Байтұрсынұлы мен А.Оразайұлының атынан Орынбор генерал-губернаторына «Қазақ» атты газет ашуға өтініш жасағаны туралы хат жолданады. Патша үкіметінің жоғарғы Баспасөз басқармасы рұқсатнаманы 1913 жылы 5 қаңтардағы бұйрығымен бекітеді. Мұнда өкіметтің ресми жарлықтарын, Мемлекеттік Дума жұмысын, ішкі-сыртқы жаңалықтарды, қазақ тұрмысын, мәдениетін, шаруашылығын, оқу-ағарту саласын, денсаулық пен малдірігерлік ісін, жергілікті хабар-ошарларды, құлақтандыруларды, хабарламаларды жариялап тұруға мұрсат берілетіні жазылған. «Қазақ» 1913-1918 жылдары жалпы қазақтың «көзі, құлағы һәм тілі» (А.Байтұрсынұлы) болып, елдің көзін ашқаны белгілі. Газетте А.Оразайұлының да мақалалары, ой-пікірі жарияланып тұрды. Қайраткер мұның сыртында жергілікті жерде ирригация және денсаулық сақтау жұмыстарын ұйымдастырып, халыққа қамқорлық көрсетті. 1927 жылы Телікөл бойында қайтыс болды.
01.07.2013 05:51 4454

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға