Жаңалықтар

Омарұлы Елдес

Омарұлы Елдес – Алаш қозғалысының қайраткері, тілші-ғалым. 1892 жылы Қостанай уезі Дамбар болысы №3 ауылда (Қожай немесе Қоржынкөл елді-мекені) туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң Қостанайдағы орыс-қырғыз училищесіне қабылданады. Мұнан кейін Орынбордың қырғыз училищесіне түседі. Оны бітіріп, Көмек болысындағы Добай ауылында мұғалім болады. Кейін сот кеңсесіне жұмысқа тұрады. 1916 жылы Минскіде Батыс майданындағы «Земсоюзда» хатшы болған. 1917 жылы Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Соңғы Алашорда үкіметі – Ұлт кеңесі анықталатын съезде Білім комиссиясының мүшесі болып сайланады. Ал Орынборда Алаш партиясының Торғай облыстық комитеті ашылғанда, соның басқарма мүшесі болады. 20-жылдары Орынборда Халық ағарту комиссариатының мектеп істер бөлімінде, Академиялық орталықта жұмыс істейді. Сол жылдары Қазақ халыққа білім беру институтында (КИНО) ұстаздық етеді. 1924 жылы Қазақ білімпаздарының бірінші съезіне қатысып, пән сөздері (терминология) бойынша баяндама жасайды. Осы жиында ол съезд материалдарын сараптайтын комиссия құрамына енеді. 20-жылдардың ортасында Ташкентегі қазақ педагогика институтында дәріс оқиды. А.Байтұрсынұлының тапсырмасымен математика, физика, геометрия, химия пәндерінің оқулықтарын аударады. «Қазақша жазу тақырыбы және жазу ережелері» (А.Байтұрсынұлымен бірге), «Жазудың жаңа ережелері», «Айнымалы дыбыстардың жазылу ережелері», «Қазақша әліпби мен латынша әліпби», «Қазақ тілінің дыбыстары», «Қазақша дыбыстардың жігі», «О местоименных приставках в казахском языке», «Опорядке слов в казахском языке», «О сочетании звуков в казахском языке» т.б. еңбектерінде ғалым тіл білімін қалыптастыруға айрықша үлес қосты. Оның ғылыми-педагогикалық жұмысы кәсіби қазақ лингвистерінің ізденуіне мол мүмкіндік берді. 1926 жылы Бакуде өткен Түріктанушылардың съезіне қатынасады. Алаш қайраткерлерін 1929-1930 жылдары репрессиялағанда, қайраткер көп қатарластары секілді алғаш Алматының абақтысында отырды. Сонан кейін оны Карелияның Майгуба қаласы маңына жер аударды. 1933 жылы шілдеде айдаудан ерте босанған соң Алматыға келіп, алғаш медицина институтында, мұнан кейін ҚазМУ-де сабақ береді. Оқулық жазумен айналысады. Осында тілші Т.Шонанұлымен қоян-қолтық жұмыс істейді. 1937 жылы Телжан ұсталғанда, қайраткер біраз шындық іздеп араша түседі. Сөйтіп өзі де артынша 22 қарашада ұсталып, 1 желтоқсанда нақақ атылады. Әдебиет: 1. Дулатова Г. Шындық шырағы. Алматы, 1998
01.07.2013 05:50 5462

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға