Жаңалықтар

Мақұлұлы Мағди

Мақұлұлы Мағди – көрнекті дін және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының мүшесі, қазақтың алғашқы діни қазиларының бірі. Әзірше қай жылы туғаны белгісіз. Нақақ атылған уақыты яки шейіт кеткен жылы – 1937. Саяси репрессия құрбаны. Ол Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. 1923 жылы Қазақстандағы діни істерді қадағалау Бүкілресей және Сібір Орталық Діни Басқармасына (Уфа) тапсырылғанда, діндар осыған қарасты қазақ қазиы болады. Діни басқарманың “Ислам мәжілісі” атты башқұрт-қазаққа түсінікті журналы 1924 жылдың аяғынан 20-жылдар соңына дейін шығып тұрған. Басылым өз бағдарын “дін, ахлақ, фәлсафа” деп көрсетіпті. Журналда қайраткердің мынандай материалдары жарияланған: “Өзіміздің қазақ ұлтымызға бір-екі сөзім”, “Мәрказ діние назарәтке қазақ халқының мүнәсибеті” (Орталық Діни Басшылықпен қазақ халқының байланысы), “Қазақстанда дін оқыту ісі”, “Діние назарәтке Жетісу, Сырдария қазақтарының һәмде Ойратски жұмһриетінде болған қазақтардың мүнәсибеті”. Бірінші мақаласында (1924 жыл, қараша, №2), діндар автор қазақ ішінде кеңес өкіметі жағдайында руханиятты қалай дамытуға болатынына қам жейді. Мұсылмандардың азаттық жолында бірігуін тыйған ескі хүкіметтің ащы сабағын парықтайды. Бұл жолда қазы қазақ жерінде әр ауылға мешіт және мектеп салу, парасатты, көзі ашық имам сайлау қажеттігін нақтылап айтады. Екінші мақаласында (1924, қараша, №2) 10.06.1923 жылы Уфада бүкілресейлік діндар ғұламалардың съезі өткені, оған Семей, Ақмола, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе облыстарынан өкілдер келгені, дәл осы жолы Дін назарәтіндегі мүфти һәм қазы сайлауы туралы маңызды мәліметтер берілген. Ресей мұсылмандарының “Махкама Шарғия” (“Духовное собрание”) Орынбор губерниясына қараған Уфа қаласында 1786 жылы ІІ Екатеринаның пәрменімен ашылғаны мәлім. Қазы бүй дейді: “Семипалат облысы, Пауладар үйезінде Білән ауылы деген орында Мұса Шорманов салған мешітте имам-мүдәріс болып, сол атырапқа діни қызмет көрсеткен Қамаралдин есімді ғалым уә фазыл зат өткен. Бұ күнде оның баласы жетпіс жаста. Соның қолында мықты Тефкилеф (Тевкелев) заманында Мәһкәме Шәрғие тараптан ержұм Қамаралдин хазіретке берілген биік бұрынғы указ бар». Осында Қытайға қараған Зайсан-Алтай мұсылман-қазақтарының жайы да сөз болады. Үшінші еңбекте (1925 жыл, қаңтар, №4) діни білім саласының көкейкесті мәселелері қарастырылады. Соңғы мақала (1925 жыл, көкек-мамыр, №7-8) қысылтаяң шақта жаңадан Қазақстанға кірген екі облыс діндарларының Уфадағы Діни Басқармаға өтініш жазғаны жөнінде ақпар береді. Сонымен, діндар қайраткердің тарихи еңбегі аясында “Ислам мәжілісі” журналын - 20-жылдардағы қилы ізденістің айнасы және оған қазақ тағдыры да түскен деп білеміз.  
01.07.2013 05:50 3925

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға