Жаңалықтар

Мұстанбайұлы Ыдырыс

Мұстанбайұлы Ыдырыс – Алашшыл қоғам қайраткері, қаламгер. 1898 жылы Семейде туған. Жасынан көпес Тінібай ұстаған мектеп пен медреседе оқыған. 1911-1916 жылдары Семей қалалық орыс-қырғыз училищесінде білім алады. Кейінірек Семей гимназиясында оқиды. Осы шақта Алаш идеясына беріліп, ұлттық қозғалысқа атсалысады. 1918 жылы жас алашшылдар Қызылжарда «Жас азамат» атты газет шығарып, қаржы жағынан қиналғанда, кембағал шәкірт болып жүрсе де басылым қорына бар ақшасын қосады. 1919 жылдан Семей губревкомына қызметке кіреді. Бұл кезде мұнда Ж.Аймауытұлы, М.Әуез секілді жас таланттар да жұмыс істейтін. 1920 жылы Зайсан уездік атқару комитеті қазақ бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. Осы жылы Қазақ автономиялық республикасын жариялайтын кеңестердің бүкілқазақстандық құрылтайына делегат ретінде қатысады. Мұнда ҚазОАК мүшесі болып сайланады. 1920-1921 жылдары Семей губерниялық атқару комитетінің мүшесі, қазақ бөлімінің бастығы, азық-түлік комиссиясының орынбасары қызметтерін атқарады. 1921 жылы Орал губерниялық атқару комитетінің, губревкомының мүшесі. 1922 жылы тамызда Орал губерниясының прокуроры. Мұнан кейінгі жылдарда Қызылжарда, Семейде, Қызылордада, Алматыда түрлі қызмет істеген. Қайраткердің азаматтық келбетін аңғартқан тағы бір сын – республиканы Ф.Голощекин басқарған жылдар еді. 1925-1926 жылдары Сырдария губерниялық атқару комитетін басқарған тұлға осында губкомның төрағасы Фоминмен халық шаруашылығы, ұлт тағдыры туралы қатты айтысады. Ыдырысты С.Садуақасұлы қолдайды. Ал Голощекин мен Фомин оны «Түркістан және Қазалы уездері мәселесінде ұлтшылдыққа жол берді» деп орынсыз айыптайды. Осы және басқа да жергілікті жердегі мәселелерді айтып Ыдырыс 1926 жылы И.Сталинге хат жазғаны да мәлім. Мұнан кейінгі жылдары республикада елшіл қайраткерлер қызметтен шеттетілді. Батыл көзқарасына және алашшыл туысына, дос-жаранына қарап, Ы.Мұстанбайұлына да жауапты қызметтер берілмеген. Расында ол аса шешуші кезеңде қызметін және ұлт баспасөзін тазалық пен шығармашылықтың бастауына айналдырғысы келді. Оның қаламынан туған «Көркем әдебиет туралы», «Жандосұлы Ораздың мақаласына жауап», «Біздің таластарымыз», «Абай», «Поэт Абай и его философия. Место поэта в истории казахской литературы», «Сын мен баспасөз туралы», «Н.Чернышевский», «Түркістан – Сібір темір жолы», «Джумабаев и «Девяносто» т.б. мақалалар 20-жылдардағы Алаш қозғалысының бағыт-бағдарын анық байқатады. Әдебиетші әдеби-мәдени қозғалыстарға және құбылыстарға жай рухани фактілер деп емес, ғасырлар бойы желісі үзілмей келе жатқан имандылық пен тазалықтың, шын сезім мен елдік сұранымның ұштасуы ретінде қарайды. Қайраткер 1937 жылы жалған айыппен атылды.
01.07.2013 05:49 3633

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға