Жаңалықтар

К.Байсейітованың туғанына – 100 жыл: Аққу әннің гәккуі

Күміс көмей, жезтаңдай әнші Күләш Байсейітованың туғанына биыл – 100 жыл. Тума талант иесі небәрі 24 жасында КСРО Халық әртісі атанғаны барша қазақ үшін мәртебе һәм мақтаныш. «Тау алыстаған сайын биіктейді» деген халық даналығы. Жылдар жылжып өткен сайын қазақ бұлбұлының да есімі жұлдыздай жарқырай түсті. Биылғы жылы тіптен, ерек. Әншінің ғасырлық мерейтойы елордасы – Астана мен Алматы қалаларында кеңінен аталып өтуде. Қарағанды бұл салтанаттан тыс қалмасы анық. Кеншілер шаһарында К.Байсейітованың 100 жылдығына орай алғаш рет музыкалық фестиваль ұйымдастырылды. Кешегі күні өткен «Қазақ Гәккуі – Күләш» музыкалық фестивалына еліміздің өнер қайраткерлері мен Күләштің отбасы ат арытып арнайы келді. Сонымен қатар, шетелдік қонақтар да бар. Фестиваль басталмас бұрын баспасөз конференциясы ұйымдастырылған болатын. Оған Күләш Байсейітованың қыздары Қарлығаш пен Раушан Байсейітовалар, жиені Әнел Шәріпова қатысты. Кездесуде, сонымен қатар, облыстың мәдениет басқармасының бастығы Е.Әбдірахманов, Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Аравин болды. Музыкатанушы Ю.Аравин Күләштің таланты мен еңбегі жайлы сөз қозғаса, қыздары атақты анасының өміріне қатысты әңгімеледі.  – Адам қайтыс болса да, өнер өлмейді. Қанша жыл өтсе де, Күләштің есімі елімен бірге жасасып келеді. Оның қазақ өнеріне қосқан үлесі шексіз. Оның дауысында ұлттық нақыш болатын. Табиғат берген дарын. Ал, кәсіби білім алғаннан кейін ол өнерін тіптен өрістете алды, – деді Юрий Петрович. Музыкатанушы Күләшті көзі көргенін, ол орындаған қойылымдарда болғанын да айтып берді. Күләш Байсейітованың туған күні – 12 қаңтар. Бұл туралы қыздары әңгіме өрбітті.  – Негізі туған күні қаңтардың 12-сі. Ол кезде құжатты бірден алмаған. Әрі сол күні Димаш Ахметұлы Қонаевтың туған күні болғандықтан, анамыз туған күнін 2 мамырға ауыстырған еді,– деді Қарлығаш Байсейітова. «Жақсыға әркім талас» деген бар ғой. Әншінің туған жері туралы да түрлі дерек бар. Бұл ең әуелі сол кезеңдегі саясаттың әсерінен туындаған мәселе екені анық. Ауылдан шыққан қарапайым қазақ қызының айды аспанға бір-ақ шығарғаны, сол кездегі түсінік бойынша мүмкін емес еді.  – Оны бірде алматылық, бірде семейлік етті халық. Анамыз да, оның ата-анасы да  Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Кейін Алматыда білім алды,– дейді Раушан Бай¬сейітова.  – Күләштің әншілігі өз алдына, оның драмалық әртістік қабілеті ерекше. Опера әншісіне образды ашу өте маңызды. Осы тұрғыдан оны үлгі етемін. Жалпы, опера – драма мен музыканың синтезі. Жастайымнан Күләшқа еліктеп өстім, сол секілді болғым келді. Өнерде алғашқы орындағаным – «Қыз Жібек» болды. Әрине, Күләш апамыз салып кеткен Жібек бейнесі өзінше бөлек. Күләш ең әуелі – Қыз Жібек. Оны әр қазақ біледі. Бұл үлкен жауапкершілік жүктейді,– деді Н.Үсенбаева. Күләш насихаттан кенде емес. Күләш әндері бар үш күйтабақ жарық көріпті. «Әрине, Кү¬ләштің орындауындағы барлық шығарма болмаса да, бірсыпырасы жинақталған»,– дейді Ю.Аравин. 100 жылдығына орай, Түркияда клас¬сикалық ән фестивалы ұйымдастырылыпты биыл. К.Байсейітова атындағы вокалистер байқауы, оның атындағы жоғары оқу орны мен мектеп те, көше мен ескерткiш те бар. Дегенмен, қазақ бұлбұлының мұражайы жоқ екен.  – Бұл жайлы бастама көтеріп келе жатқанымызға біраз болды. Дегенмен, әлі ілгерілеу жоқ. Анамыздың жеке заттары, қойылымдарға киген көйлектері әр жерде,– деген қыздары бір мәселенің шетін қылтитты. Ойдағы, қырдағы жәдiгерлердi жиыстырып, әншiнiң өз алдына жеке мұражай ашу – маңызды іс. Баспасөз конференциясынан кейін құрметті қонақтар облыс әкімінің қабылдауында болды. Қазақ бұлбұлының 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара 13 қазан күні Кү¬ләш Байсейітованың туған жері – Ақтоғай ауданында жалғасады.                                                                                    *** «Шалқыма» концерт залында өткен «Қазақ Гәккуі – Күләш» атты музыкалық фес-тиваль өнерсүйер қауымның басын қосқан айтулы кеш болды. Жиналғандар әсем әуенмен сусындап, атақты әншінің өмірі мен өнері жайлы қызықты мәліметтерге қанықты. Кеш тізгініне Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Аравин ие болды. – Қырық бес жылға созылған қысқа ғұмырында Күләш Байсейітова жұлдыздай жарқырап, халықтың ыстық ықыласына, сүйіспеншілігіне бөленді. Қазақ халқы Күләш арқылы әлемдік классикалық опера мен көптеген халықтардың ұлттық музыкасын таныды. Оның даусы – әлемдік операда сирек кездесетін сұлу да сырлы дауыс болатын. Әнші даусының ұлттық иірімдері шет ел композиторларының шығармаларын қазақ халқына жақындата түсті, – деді облыс әкім Әбілғазы Құсайынов фестивальға жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде. Алдағы уақытта аталмыш фестиваль тұрақты түрде өткізіліп тұратындығын атап өтті аймақ басшысы. Күләш небары 22 жасында Қазақ ССР еңбек сіңірген әртісі, ал 24 жасында КСРО халық әртісі атағын алды. Ол кезде мұндай марапатқа қолы жеткендер ілуде біреу ғана. Сондай-ақ, КСРО Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты атанып, Еңбек Қызыл ту орденінің және бірқатар басқа наградалардың иегері болды. Қазақ музыка және опера өнеріне сіңірген еңбегі өлшеусіз. Күні бүгінге дейін  оның талантына бас иеді, есімін ардақтайды халқы. Аталмыш фестиваль сөзімізге дәлел. Сол күні шырқалған ән, тамаша өнер қазақ бұлбұлы – Күләшқа арналды. Фестваль шымылдығы Ерлан Бақтыгерей дирижерлік еткен Қ.Байжанов атындағы симфониялық оркестрдің орындауындағы Е.Брусиловскийдің «Балбырауынымен» ашылды. Атақты «Қыз Жібек» операсындағы «Гәккуді» орындаған Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваның тамаша даусы тыңдармандарды сүйсіндірді. Көпшіліктің күткені де осы болған сияқты. Музыкаға, орындаушыға құр¬мет ретінде соғылған шапалақ көпке дейін тоқтамады. Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншілері Дина Хамзина мен Жұпар Ғабдуллина халық әні «Еркем-айды» тамылжыта орындады. Кейін әншілер жеке дара шығып, тағы бір мәрте өнерлерімен тәнті етті. Олардың жеке орындауында Ж.Бизенің «Кармен» операсынан «Хабанера» үзіндісі мен халық әні «Гауһар тас» шырқалды. Д.Хамзина К.Байсейітова атындағы республикалық байқаудың лауреаты болса, Ж.Ғабдуллина республикалық, халықаралық конкурстардың лауреты. Күләштің ізбасарлары, ісін жалғастырушы өнерпаздар. Музыка кешіне жиналғандар академиялық театрдың тағы бір әншісі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Медет Шотабаевтың да өнерін тамашалай алды. Ол Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас», Дж.Пуччинидің «Турандот» операсындағы Калафтың ариясын, С.Кардиллоның «Катариін» орындап, көрермен көзайымына ие болды. Сонымен қатар, «Әзірбайжан бұлбұлы» атанған әзірбайжандық өнерпаз Илаха Эфендиева бірнеше ария орындап, қарағандылықтарды әнімен баурап алды. «Санктъ-Петербургъ опера» театрының әншісі Виктор Алешковтың да өнерін лайықты бағалады жиналған халық. Қазақстанда жиі болғанымен, Қарағанды жеріне алғаш келген В.Алешков: «Көрермен мәдениеті жоғары. Жалпы, Қазақстан маған ерекше әсер етті. Ең әуелі халқы, өнері мен мәдениеті таң қалдырды»,– деді ол әсерімен бөлісіп. Барлық қатысушылар шырқаған Дж.Вердидің «Травиаттасы» фестивальды қорытындылады. Бір ырғақпен соғылған шапалақ, барлық қошемет музыка деген құдіретке арналды. Сол құдіреттен жаралған Күләшқа арналды. Авторы: Жансая ОМАРБЕКОВА. Қарағанды қаласы.
20.11.2012 08:57 5711

Күміс көмей, жезтаңдай әнші Күләш Байсейітованың туғанына биыл – 100 жыл. Тума талант иесі небәрі 24 жасында КСРО Халық әртісі атанғаны барша қазақ үшін мәртебе һәм мақтаныш. «Тау алыстаған сайын биіктейді» деген халық даналығы. Жылдар жылжып өткен сайын қазақ бұлбұлының да есімі жұлдыздай жарқырай түсті. Биылғы жылы тіптен, ерек. Әншінің ғасырлық мерейтойы елордасы – Астана мен Алматы қалаларында кеңінен аталып өтуде. Қарағанды бұл салтанаттан тыс қалмасы анық. Кеншілер шаһарында К.Байсейітованың 100 жылдығына орай алғаш рет музыкалық фестиваль ұйымдастырылды.
Кешегі күні өткен «Қазақ Гәккуі – Күләш» музыкалық фестивалына еліміздің өнер қайраткерлері мен Күләштің отбасы ат арытып арнайы келді. Сонымен қатар, шетелдік қонақтар да бар.
Фестиваль басталмас бұрын баспасөз конференциясы ұйымдастырылған болатын. Оған Күләш Байсейітованың қыздары Қарлығаш пен Раушан Байсейітовалар, жиені Әнел Шәріпова қатысты. Кездесуде, сонымен қатар, облыстың мәдениет басқармасының бастығы Е.Әбдірахманов, Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Аравин болды.
Музыкатанушы Ю.Аравин Күләштің таланты мен еңбегі жайлы сөз қозғаса, қыздары атақты анасының өміріне қатысты әңгімеледі.
 – Адам қайтыс болса да, өнер өлмейді. Қанша жыл өтсе де, Күләштің есімі елімен бірге жасасып келеді. Оның қазақ өнеріне қосқан үлесі шексіз. Оның дауысында ұлттық нақыш болатын. Табиғат берген дарын. Ал, кәсіби білім алғаннан кейін ол өнерін тіптен өрістете алды, – деді Юрий Петрович. Музыкатанушы Күләшті көзі көргенін, ол орындаған қойылымдарда болғанын да айтып берді.
Күләш Байсейітованың туған күні – 12 қаңтар. Бұл туралы қыздары әңгіме өрбітті.
 – Негізі туған күні қаңтардың 12-сі. Ол кезде құжатты бірден алмаған. Әрі сол күні Димаш Ахметұлы Қонаевтың туған күні болғандықтан, анамыз туған күнін 2 мамырға ауыстырған еді,– деді Қарлығаш Байсейітова. «Жақсыға әркім талас» деген бар ғой. Әншінің туған жері туралы да түрлі дерек бар. Бұл ең әуелі сол кезеңдегі саясаттың әсерінен туындаған мәселе екені анық. Ауылдан шыққан қарапайым қазақ қызының айды аспанға бір-ақ шығарғаны, сол кездегі түсінік бойынша мүмкін емес еді.
 – Оны бірде алматылық, бірде семейлік етті халық. Анамыз да, оның ата-анасы да  Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Кейін Алматыда білім алды,– дейді Раушан Бай¬сейітова.
 – Күләштің әншілігі өз алдына, оның драмалық әртістік қабілеті ерекше. Опера әншісіне образды ашу өте маңызды. Осы тұрғыдан оны үлгі етемін. Жалпы, опера – драма мен музыканың синтезі. Жастайымнан Күләшқа еліктеп өстім, сол секілді болғым келді. Өнерде алғашқы орындағаным – «Қыз Жібек» болды. Әрине, Күләш апамыз салып кеткен Жібек бейнесі өзінше бөлек. Күләш ең әуелі – Қыз Жібек. Оны әр қазақ біледі. Бұл үлкен жауапкершілік жүктейді,– деді Н.Үсенбаева.
Күләш насихаттан кенде емес. Күләш әндері бар үш күйтабақ жарық көріпті. «Әрине, Кү¬ләштің орындауындағы барлық шығарма болмаса да, бірсыпырасы жинақталған»,– дейді Ю.Аравин. 100 жылдығына орай, Түркияда клас¬сикалық ән фестивалы ұйымдастырылыпты биыл. К.Байсейітова атындағы вокалистер байқауы, оның атындағы жоғары оқу орны мен мектеп те, көше мен ескерткiш те бар. Дегенмен, қазақ бұлбұлының мұражайы жоқ екен.
 – Бұл жайлы бастама көтеріп келе жатқанымызға біраз болды. Дегенмен, әлі ілгерілеу жоқ. Анамыздың жеке заттары, қойылымдарға киген көйлектері әр жерде,– деген қыздары бір мәселенің шетін қылтитты. Ойдағы, қырдағы жәдiгерлердi жиыстырып, әншiнiң өз алдына жеке мұражай ашу – маңызды іс.
Баспасөз конференциясынан кейін құрметті қонақтар облыс әкімінің қабылдауында болды.
Қазақ бұлбұлының 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара 13 қазан күні Кү¬ләш Байсейітованың туған жері – Ақтоғай ауданында жалғасады.

                                                                                   ***

«Шалқыма» концерт залында өткен «Қазақ Гәккуі – Күләш» атты музыкалық фес-тиваль өнерсүйер қауымның басын қосқан айтулы кеш болды. Жиналғандар әсем әуенмен сусындап, атақты әншінің өмірі мен өнері жайлы қызықты мәліметтерге қанықты. Кеш тізгініне Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Юрий Аравин ие болды.
– Қырық бес жылға созылған қысқа ғұмырында Күләш Байсейітова жұлдыздай жарқырап, халықтың ыстық ықыласына, сүйіспеншілігіне бөленді. Қазақ халқы Күләш арқылы әлемдік классикалық опера мен көптеген халықтардың ұлттық музыкасын таныды. Оның даусы – әлемдік операда сирек кездесетін сұлу да сырлы дауыс болатын. Әнші даусының ұлттық иірімдері шет ел композиторларының шығармаларын қазақ халқына жақындата түсті, – деді облыс әкім Әбілғазы Құсайынов фестивальға жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде. Алдағы уақытта аталмыш фестиваль тұрақты түрде өткізіліп тұратындығын атап өтті аймақ басшысы.
Күләш небары 22 жасында Қазақ ССР еңбек сіңірген әртісі, ал 24 жасында КСРО халық әртісі атағын алды. Ол кезде мұндай марапатқа қолы жеткендер ілуде біреу ғана. Сондай-ақ, КСРО Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты атанып, Еңбек Қызыл ту орденінің және бірқатар басқа наградалардың иегері болды. Қазақ музыка және опера өнеріне сіңірген еңбегі өлшеусіз. Күні бүгінге дейін  оның талантына бас иеді, есімін ардақтайды халқы.
Аталмыш фестиваль сөзімізге дәлел. Сол күні шырқалған ән, тамаша өнер қазақ бұлбұлы – Күләшқа арналды. Фестваль шымылдығы Ерлан Бақтыгерей дирижерлік еткен Қ.Байжанов атындағы симфониялық оркестрдің орындауындағы Е.Брусиловскийдің «Балбырауынымен» ашылды. Атақты «Қыз Жібек» операсындағы «Гәккуді» орындаған Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваның тамаша даусы тыңдармандарды сүйсіндірді. Көпшіліктің күткені де осы болған сияқты. Музыкаға, орындаушыға құр¬мет ретінде соғылған шапалақ көпке дейін тоқтамады.
Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншілері Дина Хамзина мен Жұпар Ғабдуллина халық әні «Еркем-айды» тамылжыта орындады. Кейін әншілер жеке дара шығып, тағы бір мәрте өнерлерімен тәнті етті. Олардың жеке орындауында Ж.Бизенің «Кармен» операсынан «Хабанера» үзіндісі мен халық әні «Гауһар тас» шырқалды. Д.Хамзина К.Байсейітова атындағы республикалық байқаудың лауреаты болса, Ж.Ғабдуллина республикалық, халықаралық конкурстардың лауреты. Күләштің ізбасарлары, ісін жалғастырушы өнерпаздар. Музыка кешіне жиналғандар академиялық театрдың тағы бір әншісі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Медет Шотабаевтың да өнерін тамашалай алды. Ол Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас», Дж.Пуччинидің «Турандот» операсындағы Калафтың ариясын, С.Кардиллоның «Катариін» орындап, көрермен көзайымына ие болды. Сонымен қатар, «Әзірбайжан бұлбұлы» атанған әзірбайжандық өнерпаз Илаха Эфендиева бірнеше ария орындап, қарағандылықтарды әнімен баурап алды. «Санктъ-Петербургъ опера» театрының әншісі Виктор Алешковтың да өнерін лайықты бағалады жиналған халық. Қазақстанда жиі болғанымен, Қарағанды жеріне алғаш келген В.Алешков: «Көрермен мәдениеті жоғары. Жалпы, Қазақстан маған ерекше әсер етті. Ең әуелі халқы, өнері мен мәдениеті таң қалдырды»,– деді ол әсерімен бөлісіп.
Барлық қатысушылар шырқаған Дж.Вердидің «Травиаттасы» фестивальды қорытындылады. Бір ырғақпен соғылған шапалақ, барлық қошемет музыка деген құдіретке арналды. Сол құдіреттен жаралған Күләшқа арналды.

Авторы: Жансая ОМАРБЕКОВА.
Қарағанды қаласы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға