Жаңалықтар

Теннис

Қазақстандық теннисші Зарина Диас ресейлік әріптесі Ксения Лукинамен бірге Жапонияда өтіп жатқан ITF сериялық турнирдің жұптық санаты бойынша ширек финалға жолдама алды деп хабарлайды Халықаралық теннис қауымдастығы.
21.11.2012 11:33 2608

Қазақстандық теннисші Зарина Диас ресейлік әріптесі Ксения Лукинамен бірге Жапонияда өтіп жатқан ITF сериялық турнирдің жұптық санаты бойынша ширек финалға жолдама алды деп хабарлайды Халықаралық теннис қауымдастығы.

Турнирдің алғашқы айналымында Диас/Лукина жұбы жапон елінің ағайынды қыздарынан құралған Эрика Сема/Юрика Сема жұбын 7:5, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Қазақстан-Ресей жұбы ширек финалда жапон Мики Миамура мен тайланд аруы Варатчая Вонгтеанчай жұбына қарсы ойнайтын болады.

Турнирдің жеке санаты бойынша З.Диас алғашқы айналымда тайланд аруы Варатчая Вонгтеанчайға 6:2, 2:6, 4:6 есебімен есе жібергенін ескерсек, енді қазақ аруының жүптасып өнер көрсетуде есе қайтаруын мүмкіндік туып отыр.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 75 мың долларды құрайды.

Қазақстандық тағы бір теннисші Әсел Арғынбаева Түркияның Анталия қаласында да өтіп жатқан ITF сериялық турнирдің жұптық санаты бойынша ширек финалға жолдама алды. Жалпы жүлде қоры 10 мың долларды құрайтын аталған турнирде қазақ аруы латвиялық Марара Страуммен жұп құрып, алғашқы айналымда Лаура Морено Мартинес (Испания)/Мелани Стокк (Норвегия) жұбына қарсы ойнап, 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстан-Латвия жұбының ширек финалдағы қарсыластары Джорджия Брешиа (Италия) /Тереза Кленштейбер (Германия) жұбы болып табылады.

Ерлер мен қыздар арасындағы Satellite tournament және Futures Tournaments турнирлерінен тұратын ITF туры әлемдік кәсіпқой тенииске алғашқы баспалдақ болып табылатындығын және олардың нәтижелері ATP және WTA рейтингіне есепке алынып, спортшылардың жоғары деңгейлі жарыстарға қатысуына жол ашатындығын ескере отырып, қазақстандық спортшыларға табыстар тілейміз.

Дереккөзі: newskaz.ru

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға