Ағымдағы жылдың күзіне қарай Қазақстан тарихы бойынша оқулықтың алғашқы нұсқалары таныстырылады. Бұл жөнінде бүгін «Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеудің жаңа тәсілдері» тақырыбында өткен онлайн-конференция кезінде ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қазір оқулық дайындаумен 2 жұмыстық топ айналысып жатыр. Олар тарихи ғылымның алтын қорыннан жасақталған. Каноникалық, негізгі оқулық әзірлеу олардың міндеті боп табылады. Барлық даулы мәселелер осы кітапта көрініс табуы қажет. Яғни, ешқандай екі ойлылық болмауы тиіс, барлық сұрақтарға әділ жауап болуы тиіс. Қазір оқулықты әзірлеу жұмыстарымен айналысудамыз, бұған өте ұзақ уақыт кетеді. Күзге қарай оқулықтың алғашқы нұсқалары қоғам талқысына ұсынылады. Жабық талқылау болмайды», – деді Б.Аяған.
Б.Аяған: Күзге қарай Қазақстан тарихы бойынша оқулықтың алғашқы нұсқалары таныстырылады
Оқи отырыңыз
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі