Рухани құндылықтың бастамасы – елдің тарихи жады. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері т.ғ.к. Құндызай Ерімбетова осылай деп мәлімдеді.
«Рухани құндылықтың бастамасы – елдің тарихи жады. Ұлттық тарихтың бөлінбейтін бейнесін қалыптастыру – тарихи жадыны әлеуметтану, қоғамдық ғылымдардың барлық салаларымен ұштастырып қарстыруға қол жеткізу. Оған біліктілік қана емес, шынайы сүйіспеншілік пен іскерлік қажет етіледі», - деп есептейді тарихшы.
Сондай-ақ, Құндызай Ерімбетованың айтуынша, рухани сілкіністер мен тақырыптарға байланысты зерттеу тәсілдерінің өзгерістері тарихи сананы қалыптастырудың алғышарты болып табылады.
«Ұлттық тарихты зерделеу жөнінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин 5 маусымында өткен Ведомоствоаралық кеңейтілген отырыста замануи кезеңнің тарих ғылымына қойып отырған жаңа талаптарын тарихшылардың көзқарасы, олардың алдындағы негізгі міндеттерімен тікелей байланыстылығын атап өтті. Ұлттың тарихи санасын кемелдендіру мақсатында Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Халық тарих толқыныда» бағдарламасын ұсынып отырғандығын атап өтті. Ұлт тарихы – ұлт мүддесі. Ендеше Елбасының ұсынып отырған – «халық тарих толқынында» бағдарламасы халық санасын жаһандық ауқымдағы мәселелерді екшейтіндей дәрежеге жеткізу ғана емес, жеке адамның біліктілік бәсекесіне шыдас беретін өзіндік даму зердесі деңгейін қалыптастыру арманынан туындайды», - деп ескерді Құндызай Ерімбетова.
Құндызай Ерімбетова: Рухани құндылықтың бастамасы – елдің тарихи жады
Оқи отырыңыз
23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?