«Мен ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің тарих бойынша жаңа, сапалы ақпараттар мен мәнді деректер қамтылған оқулықтар дайындау тұжырымдамасын шын жүректен қолдаймын», - деді І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенті Кәрім Өскенбаев BNews.kz тілшісіне.
Оның пікірінше, республикамыздың мектептері мен институттарында тарихи білім берудің креативті, ғылыми, бірыңғай стандарты болуы керек.
«Бұл пәнді оқытудың стандартын әзірлеуге ұмтылу өте маңызды. Бұл көп еңбекті қажет ететін міндет. Марат Тәжиннің көзқарасын қолдаймын –өткенді мадақтап, не болмаса оның көлеңкелі тұстарын іздеудің қажеті жоқ», - деп есептейді К.Өскенбаев.
«Біздің Отанымыздың тарихы барыншы пайымдауды қажет етеді, бұл еліміздің жаһандану және интеграция жағдайындағы жаңа қалыптасу кезеңінде мемлекетті одан әрі қалыптастыра түсу үшін берік іргетас болары сөзсіз», - деп түйіндеді ол.
ЖМУ студенттері Марат Тәжиннің тарих бойынша жаңа оқулықтар әзірлеу туралы тұжырымдамасын қолдайды
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды