Ғарышта да неке қиюға болады

Танымал голливуд әртістері Мила Кунис пен Эштон Катчер үйленуге бекініп отыр. 

Батыс БАҚ-тары таратқан мәліметтерге қарағанда, жұлдызды жұп жақын арада некелерін ғарышта қидырмақ.
Армандарын жүзеге асыруды діттеген Кунис пен Катчер ғарыштық саяхатқа мамандандырылған Virgin Group кәсіпорнына жүгінген. Fashiontime-ның хабарлауынша, жас жұбайлар 6 минут уақыт орбитада болмақ.
Ғарышқа ұшу үшін жұлдызды жұп бір билетке 200 мың АҚШ долларын төлеуден де тайынбай отыр. 

Baq.kz

Оқи отырыңыз