Жаңалықтар

Күн батареясымен жабдықталған ұшақ 700 шақырымды еңсерді

Күн батареясымен ұшатын швейцарлық Solar Impulse ұшағы Цинциннатиден Вашингтонға 14 сағат 4 минут ұшып, 700 шақырымды еңсерді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.  Әдеттен тыс қырық аттың күші бар, қанатының ұзындығы 63,3 метр болатын ұшақты жобаның тең құрылтайшысы психиатр және аэронавт Бертран Пиккар басқарды. Күн батареясымен ұозғалатын ұшақ АҚШ арқылы ұшуды мамыр айының басында Сан-Францискода бастады. Ол Фениксте, Далласта, Сент-Луисте, Цинциннатиде және Вашингтонда болды. Solar Impulse ұшағының АҚШ-тағы миссиясы 4 шілдеде Нью-Йоркте аяқталады. Ұшақтың салмағы 1,6 тонна, бағасы - 80 миллион еуро.  Қазақпарат
17.06.2013 03:23 2921

Күн батареясымен ұшатын швейцарлық Solar Impulse ұшағы Цинциннатиден Вашингтонға 14 сағат 4 минут ұшып, 700 шақырымды еңсерді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. 

Әдеттен тыс қырық аттың күші бар, қанатының ұзындығы 63,3 метр болатын ұшақты жобаның тең құрылтайшысы психиатр және аэронавт Бертран Пиккар басқарды.

Күн батареясымен ұозғалатын ұшақ АҚШ арқылы ұшуды мамыр айының басында Сан-Францискода бастады. Ол Фениксте, Далласта, Сент-Луисте, Цинциннатиде және Вашингтонда болды. Solar Impulse ұшағының АҚШ-тағы миссиясы 4 шілдеде Нью-Йоркте аяқталады.

Ұшақтың салмағы 1,6 тонна, бағасы - 80 миллион еуро. 

Қазақпарат

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға