ОҚО білім беру департаменті бастығының орынбасары Серік Әуезхановтың айтуынша, биыл аталмыш білім ордасынан 70 оқушы қанат қаққан. Олардың барлығы ҰБТ-ға қатысса, «Алтын белгіге» үміткер 50 оқушының 58 пайызы өз білімдерін дәлелдеді. Жалпы ОҚО-да 1083 оқушы «Алтын белгіден» үмітті болса, олардың 30 пайызы сыннан сүрінбей өтті.
ҚазАқпарат.
Мақтаарал ауданының Жетісай қаласындағы мектептің 29 түлегі «Алтын белгіге» лайықты екендіктерін дәлелдеді.